материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы

Жалақы көрсетілмеген
АО «Алатау Жарық Компаниясы» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
14

Қаралған саны:
2288

   Конкурс туралы

Функционалдық міндеттері:


1) тауарлық-материалдық құндылықтарды (бұдан әрі – ТМҚ) сатып алуға жататын барлық атаулары бойынша сандық есепке алуды, өңдеуді жүргізу және мәліметтер базасын жүргізу;

2) ТМҚ сатып алу бюджетін қалыптастыру кезінде жыл сайынғы өтінім беру науқанына қатысу;

3) ТМҚ әлеуетті жеткізушілерімен келіссөздер ұйымдастыруды жүзеге асыру және олармен кейінгі өзара іс-қимылды үйлестіру;

4) тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға конкурстар (тендерлер) өткізу кезінде процестерді үйлестіруге және ұйымдастыруға қатысу;

5) сатып алынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық сипаттамалары мен ерекшеліктерін зерделеу тұрғысынан конкурстар (тендерлер) өткізу кезінде әлеуетті өнім берушілер ұсынған құжаттарды қарау және зерделеу жөніндегі сараптама комиссияларының құрамына кіру;

6)тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарттардың жобаларын әзірлеу және ресімдеу, оларды «АЖК» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен келісу процесін жүзеге асыру;

7) БМЖ және бөлімнің тәуекелдері бойынша құжаттаманы басқаруды жүзеге асыру;

8) материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының ережелері мен лауазымдық нұсқаулықтарын жүргізуді жүзеге асыру;

9) «АЖК» АҚ құжаттандыру және құжаттаманы басқару қағидаларына сәйкес іс қағаздарын жүргізуді жүзеге асыру;

10) «1С Предприятие» бағдарламасында жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізуді және қалыптастыруды жүзеге асыру;

11) ТМҚ-ның жылдық сатып алу және жеткізу жоспарын орындау мәселелері бойынша басшылыққа есеп беру деректерін ұсыну;

12)сұратылған ақпаратты «АЖК» АҚ Жалғыз акционеріне ұсыну;

13) «АЖК» АҚ ішкі құжаттарына сәйкес Бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау.

Талаптары:

1) жоғары кәсіптік білімі және 3 жыл жұмыс өтілі болуы; азаматтық-құқықтық мәмілелерді жасау, іскерлік хат – хабарларды жүргізу; есептік деректерді жасау дағдыларына ие болуы; дербес компьютерді меңгеру дәрежесі-тәжірибелі пайдаланушы.

2) Қазақстан Республикасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді перспективалық және ағымдағы жоспарлау әдістері мен тәртібін, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді және қойма шаруашылығын ұйымдастыруды, өнімнің сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі стандарттар мен техникалық шарттарды, Қазақстан Республикасының Еңбек туралы заңнамасының негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын, өрт қауіпсіздігінің талаптарын білуге тиіс;

  • ресми еңбек шарты
  • бес күндік жұмыс сағат 08.00ден 17.00 дейін

Қажетті қабілеттер

  • обладать опытом работы в области материально-технического обеспечения не менее 3-х лет