«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы Қызылжар 1-сынып станциясы бастығының орынбасары (логистика бойынша)

444075 - 463895
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
152

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Станцияның жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыстарына басшылық жасау, станцияның филиалдың басқа құрылымдық бөлімшелерімен өзара байланысын ұйымдастыру;
  • поездар қозғалысының қауіпсіздігін, тасымалданушы жүктің сақталуын, жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз етуге, қызметкерлердің контейнерлер, бос және тиелген вагондарды коммерциялық тұрғыдан қарау бойынша лауазымдық міндеттерін орындауына, ГУ, ГНУ бекітілген нысандармен станцияның коммерциялық құжаттарын жүргізу, жүкті тапсыру және жіберу кезіндегі төлемдер мен жинақтар дұрыстығына тексеру жұмыстарын жүргізу;
  • жүкті қабылдап тапсырушылар (соның ішінде актілік – претензиялық жұмыстар), тауар кассирлерінің, аға тауар кассирлерінің жұмыстарын ұйымдастыру, олардың акционерлік қоғамның, филиалдың жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыстарына қатысты бұйрықтары мен өкімдері, басқа нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жұмыстарын ұйымдастыру;
  • мемлекетаралық бөксе пунктілерінде, поездарды коммерциялық қарау пунктілерінде, сондай-ақ жолдағы вагондардың кідіріс жағдайларында уақытылы шаралар қолдануға бақылау жасау;
  • ГУ-23 нысандағы актілерді ресімдеу арқылы кідірген вагондар мен контейнерлердың саны жөніндегі есептер, станциялық коммерциялық есептердің жасалуына бақылау жасау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі білім)
  • Мамандығы: Тасымалдау, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті (темір жол көлігі) пайдалану; Теміржол көлігінде жүк тасымалдау және қозғалысты ұйымдастыру; Теміржол көлігінде жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыстары; Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта (железнодорожный транспорт); Теміржол көлігінде көлік логистикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан кем емес, оның ішінде бюро меңгерушісі (жүк және багажды іздеу бойынша), кеңсе (тауар кеңсесі) бастығы, жүк ауданы бастығы лауазымдарында 3 жылдан кем емес болуы тиіс

Қосымша талаптар:

  •   Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қызылжар станциясы

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр