Жүргізуші-курьер
АФ АО «Казпочта» «Алматинский почтамт» Алматы қ.Міндеттері:
1) автокөлікті пайдалану кезінде Жол қозғалысы ережелерінің бұзылуына жол бермеу; |
2) автокөлікті пайдалану барысында бөлшектер мен агрегаттарды бөлуді талап етпейтін ұсақ ақауларды жою; |
3) рұқсатсыз заттар мен адамдарды тасымалдауға жол бермеу; |
4) автокөлікті басқару кезінде әрдайым өзімен бірге ұстау және уәкілетті лауазымды тұлғаларға (полиция) тексеру үшін ұсыну: жүргізуші куәлігі (уақытша рұқсат және жүргізушінің жеке басын куәландыратын құжат); автокөліктің тіркеу құжаттары; мемлекеттік техникалық тексеруден өткендігі туралы құжат; міндетті сақтандыру құжаты; белгіленген жағдайларда маршруттық парақ және жүк тасымалдауға арналған құжаттар; |
5) автокөліктің уақытында келуін қамтамасыз ету; |
6) әртүрлі жол қозғалысы жағдайларында автокөлікті қауіпсіз және тиімді басқару; |
7) автокөлікті өздігінен қозғалудан немесе бөгде адамдардың пайдалануынан қорғау үшін шаралар қабылдау; |
8) автокөліктің және оның ішіндегі мүліктің сақталуын қамтамасыз ету: автокөлікті қараусыз қалдырмау, автокөліктен шыққан кезде есіктерді міндетті түрде жабу; |
Талаптар:
Жауапкершілік, коммуникабельділік, уақытында болу, дербестік. Негізгі механизмдер, құралдар мен автокөліктің бөлшектері туралы білім.Соңғы 3 жылда жүргізушінің кінәсінен болған ауыр зардаптары бар жол-көлік оқиғаларының болмауы; жүргізуші куәлігінен айыру және айыппұл түріндегі әкімшілік жаза болмауы.
Шарттар:
-
6 күндік жұмыс аптасы, 09:00-ден 18:00-ге дейін.
Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.