«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы Қарағанды-Сұрыптау темір жол станциясы бастығының орынбасары (техникалық жұмыс бойынша)

486885 - 529695
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
806

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Қарағанды-Сортировочная станциясын пайдаланудың технологиялық процесі, ТПА, нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу;
  • белгі беру және байланыс дистанциясы, жол, электрмен жабдықтау, эксплуатациялық локомотив депосының мамандарын тарта отырып, дөңес цех жұмысшыларымен техникалық оқытуды өткізу;
  • станция қызметкерлеріне еңбекті қорғау және қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша мақсатты оқытуды өткізу;
  • станция бастығының және басқа құрылымдық бөлімшелер өкілдерінің төрағалығымен станцияда жолдарды, бағыттамалық аудармаларды, СЦБ, байланыс және электрмен жабдықтау құрылғыларын комиссиялық айлық тексеруді ұйымдастыру;
  • станция қызметкерлерінің, әсіресе жаңадан қабылданған қызметкерлердің еңбекті қорғау және қауіпсіз еңбек тәсілдеріне үйрету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
  • күрделі метеожағдайлар: нөсер жаңбыр, дауыл желдері, қар жаууы, көктайғақ және жол мен басқа да құрылыстардың ақаулары туындаған кезде поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылау.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі жоғары, (немесе жоғары білімнен кейінгі)
  • Мамандығы:  Тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру, көлік пайдалану (теміржол көлігі)
  • Жұмыс тәжірибесі:  5 жылдан кем емес, оның ішінде өндірістік – техникалық бөлім бастығы лауазымында 2 жылдан кем емес немесе станция/маневр диспетчері, кластан тыс, 1-2 класс станция кезекшісі лауазымдарында 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс

Қосымша талаптар:

  •  Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қарағанды – Сұрыптау станциясы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр