«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС- «ЖТ Алматы бөлімшесі» (НОД-7) филиалы Алматы пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ - 28)жоспарлау-экономикалық бөлімінің еңбекті ұйымдастыру және нормалау жөніндегі жетекші инженері
- Құрылған күні:
- 09.12.2024
- Берілген өтінім:
- 8
- Қаралған саны:
- 179
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Локомотив бригадаларының және депоның басқа да қызметкерлерінің жұмыс уақыты мен демалыс нормаларын жобалайды;
- депо қызметкерлері бойынша депоның орындалған жұмыстарының сағаттық тарифтік ставкаларын (айлықақыларын), қосымша ақылар мен үстемеақыларды, еңбек сыйымдылығын белгілеу;
- локомотив бригадаларының еңбек және демалыс режимін талдауды қалыптастыру; ұжымдық шартқа сәйкес материалдық көмек беру үшін жұмыскерлердің және жұмыс істемейтін зейнеткерлердің жалақысы бойынша анықтамалар қалыптастыру;
- бағдарламаға енгізу үшін Локомотив қызметкерлері бойынша жұмыс уақытын жиынтық есепке алу шаблондарының дұрыс толтырылуын тексереді;
- тасымалдау жұмысының көлемі бойынша локомотив бригадалары санының құқығын есептейді;
- төлем түрлері бойынша жалақыны есептеудің дұрыстығын, қызметкерлердің түбіртектері бойынша сыйлықақылар мен ұстап қалуларды есептеуді, нарядқа сәйкес жасаушылардың (слесарлардың) жалақысын есептеудің дұрыстығын бақылайды.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Есеп және аудит, Экономика; Менеджмент; Қаржы; Көлік, көліктік техника және технологиялар (темір жол көлігі); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қоймай.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы