«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қызылорда магистральдық желі филиалы» Қызылорда электрмен жабдықтау дистанциясы бастығының орынбасары
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Электрмен жабдықтау дистанциясының қызмет көрсетілетін учаскелеріндегі цехтардың жедел жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;
- Электрмен жабдықтау дистанциясының басқару аппартының жұмысын, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттері талаптарының орындалуын ұйымдастыру және бақылау;
- Электрмен жабдықтау құрылғыларына техникалық қызмет көрсетуді, жұмыс тәртібінің сақталуын, электрмен жабдықтау дистанциясының қызмет көрсететін учаскелеріндегі цехтардың қосалқы бөлшектермен, материалдармен және құралдармен қамтамасыз етілуін басқару және бақылау;
- Электрмен жабдықтау құрылғыларының жұмысындағы бұзушылықтың жайларын талдау және Электрмен жабдықтау құрылғыларының қызмет көрсету сапасын және олардың жұмысының сенімділігін арттыру бойынша шараларды әзірлеу, сондай-ақ аудиторлық нұсқаулардың орындалуын бақылау, кенеттен жоспардан тыс жүргізу (оның ішінде түнгі) қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша электрмен жабдықтау дистанциясын тексеру;
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары, (жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы бойынша: «Электроэнергетика»; «Автоматтандыру және басқару»; «Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды ұйымдастыру»
Тәжірибе профилі бойынша - 5 жылдан кем емес, басшылық қызметтегісі - 5 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр