«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Жамбыл пайдалану вагон депосының (ВЧД-27) Шу ст. ӨТБ вагон депосының (1 топ учаскесінің) шебері

360000 - 380000
ВЧД-27 ЖАМБЫЛСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 1 группа Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
198

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Поездар қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыруды бақылауды жүзеге асыру;
  • жүк және жолаушылар вагондарына техникалық қызмет көрсетуге, поездарға техникалық қызмет көрсетудің технологиялық процестерін сақтауға, вагондарды дайындауға, жөндеуге, депоның бекітілген бөлімшелерін қамтамасыз етуге басшылық жасауды және бақылауды жүзеге асыру.
  • поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жолаушылар және жүк поездарының қозғалыс кестесін сақтауға бағытталған жұмыстарды жүзеге асыру поездар қозғалысының қауіпсіздігі бұзылған кезде депо басшылығына дереу хабарлайды;
  • білуге тиіс: пойыздар қозғалысының қауіпсіздігіне қатысты заңнамалық және нормативтік актілерді, нұсқаулықтарды, бұйрықтарды, қағидаларды және басқа да материалдарды, учаскедегі жұмыстың технологиялық процестерін, техникалық-экономикалық және ағымдағы өндірістік жоспарлаудың тәртібі мен әдістерін; еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын;
  • қосымша талаптар: ұйымның өндірістік-шаруашылық қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) / орта (техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары ( вагондар) / теміржолдардың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету
  • Жұмыс тәжірибесі: жоғары білімі 2 жылдан кем емес, оның ішінде Вагондарды қараушы лауазымында 1 жылдан кем емес / орта (техникалық және кәсіптік) білімі 3 жылдан кем емес, оның ішінде Вагондарды қараушы лауазымында 2 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)