"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақмола бөлімшесі "(НОД-1) филиалының техникалық бөлімінің өндірістік оқыту шебері
- Құрылған күні:
- 10.12.2024
- Берілген өтінім:
- 2
- Қаралған саны:
- 144
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Станция қызметкерлерімен техникалық оқу өткізу жоспарын жасайды;
- қызметкерлердің кәсіби дамуы туралы есеп береді;
- техникалық оқу кабинеттерін, оқу кабинеттерін және оқу алаңдарын жабдықтау және қайта жарақтандыру бойынша іс-шаралар жоспарын, техникалық оқуға жауапты тұлғалардың біліктілігін арттыру жоспарын жасайды;
- 2, 3, 4, 5-класстағы станция жұмысшылары үшін тест сұрақтарын әзірлейді және тестілеу бекеттері басшыларының нәтижелері бойынша сауалнамаларды тексереді;
- 2, 3, 4, 5-класстағы станциялар бойынша бекітілген жоспарға сәйкес техникалық сабақтарды өткізу бойынша ескертулерді әзірлеуді қамтамасыз етеді;
- техникалық оқыту, техникалық кабинеттерді жабдықтау, техникалық құралдарды тиімді пайдалану бойынша есептерді дайындауды қамтамасыз етеді;
- станцияларда, локомотив және вагон деполарында техникалық дайындықтың сапасын бақылайды;
- желілік станцияларды техникалық сабақтар кестесімен қамтамасыз етеді;
- серіктестіктің Техникалық саясат бөліміне өндірістік оқыту шеберлері/нұсқаушылары және техникалық оқытуға жауаптылар туралы есеп береді;
- қызметкерлердің білімін бағалау нәтижелері бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
- Мамандығы: «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру (темір жол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: кемінде 5 жыл пойыздар саласын ұйымдастыру, станция бойынша кезекші, маневр, поезд диспечері, станция бастығынан төмен емес лауазымда қызмет салаларында жұмыс атқару шарт.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)