«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Достық станциясы» филиалының тауар кассирі

247235 - 256751
Станция Достык (ДС Достык) Достық а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
185

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

       Импорттық және экспорттық, транзиттік бағытта келген жүктердің құжаттарын қабылдап, дұрыс толтырылуын қадағалайды, СМГС-тің және жүк тасымалдау ережесінің 15 бабы бойынша. Жүк жөнелтушілердің АСУ ДКР бойынша толтырған құжаттарын тексеру. Вагондар мен контейнерлердің құжаттарын қабылдау барысында шекаралас станцилар арасындағы аралас комссияның кезекті хаттамасы талаптарын негізге алады. Қытай халық республикасынан келген вагондар мен контейнерлердің құжаттарын тексеру барысында вагон төлқұжатының 23 бағанына сәйкес жол төлемдерінің барлығын тексереді. Жүк және багаж қабылдап тапсырушылардан вагон парақтарын ережеге сәйкес қабылдайды. Басқа да қосымша төлемдердің төленуін қадағалайды. Кедендік өкілдерге дер кезінде құжаттарды өткізіп, кедендік рәсімделін қадағалау. Жұмыс барысында жұмыс кітаптарын  уақытылы толтыруға, актілер толтыруға, жедел хаттар жолдауға міндетті.   

Біліктілік талаптары:

Білімі 

Жоғары; орта (техникалық және профессионалдық) 

Мамандығы

Жүк тасымалын ұйымдастыру және транспорттағы қозғалысты басқару; теміржол транспортындағы жүк және коммерциялық жұмыс.

Жұмыс тәжірибесі:

2 жылдан кем емес, оның ішінде 1 жыл жүк және багаж қабылдап тапсырушы, поезд қабылдаушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында.

3 жылдан кем емес, оның ішінде 1 жыл жүк және багаж қабылдап тапсырушы, поезд қабылдаушы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі оператор лауазымдарында.

Қосымша талаптар:

жоқ

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру