"ҚТЖ "ҰК" АҚ - "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі"филиалының Қостанай электрмен жабдықтау дистанциясы Тобыл станциясының 2-тобы учаскесінің (электрмен жабдықтау ауданының) бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Электрмен жабдықтау ауданының қызметкерлеріне басшылықты жүзеге асыру
- Электр қуатын іске асыру, ЖТ автобұғаттау, электрмен жабдықтау қондырғысын күрделі және ағымдағы жөндеу мен ұстау жұмысын өз уақытында өткізу
- Энергетикалық шаруашылық қондырғысын күрделі жөндеу мен алдын алудың жоспарлы кестесін әзірлеу
- Автомотокөлік пен ВСЛ-10кВ, автобұғаттау, ДПР желісі, электрмен жабдықтау құрылғысын сапалы сақтау мен жөндеуді қамтамасыз ету
- НОТ негізінде жабдықтарды ағымдағы сақтау мен жөндеу жұмыстарын өз уақытында және сапалы ұйымдастыру мен жоспарлау
- 10.2015 жылғы № 02/27 хаттама шешіміне сәйкес қауіпсіздік техникасы бойынша персоналға нұсқаулық өткізу, поездға ескерту беру, жұмыс өндірісіне наряд пен өкімдер ресімдеу
- Электрмен жабдықтау ауданы бастығының қатысуын талап ететін жұмыс өндірісінде бригаданы өзі басқару. Қызметкерлердің қауіпсіздік техникасын сақтау Ережесін, технологиялық үдеріс пен істелінген жұмыс сапасын сақтауын тексеру
- Байланыс желі құрылғысын пайдалану үшін қажетті қорғау-монтаждық құралдарды, қосалқы бөлшектер материалдарын, жабдықтарды алуға өтінім құру
- Сақтау ережесі мен қолданыстағы нұсқауға сәйкес тексеру мен қарау арқылы ЖТ автобұғаттау, электрмен жабдықтау, құрылғылардың техникалық жайына бақылау жүргізу
- Электрмен жабдықтау қондырғысының күрделі жөндеу өндірісіне акт пен ақаулы ведомостарды құру
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі),орта(техникалық және кәсіптік) Мамандығы: электрмен жабдықтау, пайдалану,Темір жолдардың электротехникалық жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу; Электр станциясының,қосалқы станцияның және желілердің электр жабдығы;салаларға электр және электромеханикалық жабдық; электр және электромеханикалық жабдықтарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу Жұмыс тәжірибесі: электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл, электромеханик лауазымында кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр