"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі" филиалының поезды басқару орталығының инфрақұрылыс бөлімінің сигнализация және байланыс диспетчері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1) сигнализация және байланыс дистанциясының бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес технологиялық "терезелерді" ұсынуға апта сайынғы сұранымдарды құрастыруға қатысады;2) өткізілген технологиялық "терезелер" бойынша қолданыстағы ескертулер, қозғалыстың белгіленген жылдамдықтарын шектеу, техникалық құрылғылардың жұмысындағы істен шығулар, ЖАТС құрылғыларының кестелік жұмыстарынан туындаған ауытқулар, ауа-райы жағдайлары туралы ауысымаралық ақпаратты қалыптастырады, ЦЖС, РЦУП басшылығына, ЦШ диспетчерлеріне белгіленген нысанға сәйкес ұсынады;
3) ПЦУП диспетчерлерімен бірлесіп туындаған қолайсыз жағдайларды жою және ҚҚБ, ЖАТС құрылғыларында пойыз және маневр жұмысында техникалық құрылғылардың істен шығуы бойынша уақытылы шаралар қабылдайды;
4) НЖС бойынша орын алған пойыз ахуалын есепке ала отырып, көмек көрсетеді және ШЧ дистанцияларының қызметкерлерінің ЖАТС құрылғылардың ағымдағы күту мен жөндеу бойынша, соның ішінде күрделі метеожағдайларда, сондай-ақ ЖАТС құрылғыларының жарамды және жұмысқа қабілеттілік жағдайын қалпына келтіру кезінде іс-әрекеттерін үйлестіреді және т.б.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта техникалық
- Мамандығы: Темір жол көлігіндегі автоматтандыру және басқару. Темір жол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникациялар. Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс
- Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша темір жол көлігінде 3 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж