"ҚТЖ-Шымкент жүк тасымалдау бөлімшесі" ЖШС филиалының қозғалыс қауіпсіздігі қызметі бөлімінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралардың әзірленуін және орындалуын бақылау;
Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ҒТҚ және қозғалыс қауіпсіздігін регламенттейтін жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысу, оларға қажетті өзгерістер мен толықтырулардың уақтылы енгізілуін бақылау; - Поездық диспетчерлердің қозғалыс қауіпсіздігі, поездық құжаттаманы жүргізу бойынша ҒТҚ талаптарын сақтауы бойынша диспетчерлік топтардың жұмысына ай сайын тексеру жүргізу;
- Диспетчерлік аппарат қызметкерлерімен тоқсанына кемінде 1 рет техникалық сабақтар өткізуге қатысу;
- Бекітілген кестеге сәйкес станцияларда, локомотив және вагон деполарында техникалық тексерулер жүргізуге қатысу;
- Бекітілген кестеге сәйкес станцияларға техникалық тексерулер мен бақылау тексерулерін жүргізуге қатысу;
- Станциялар, диспетчерлік аппарат қызметкерлерін аттестаттау және олардың білімін мерзімді тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу;
БММ талаптарына сәйкес функционалдық міндеттерді сапалы орындау; - Серіктестіктің қозғалыс қауіпсіздігі департаментіне белгіленген нысанға сәйкес қозғалыс тексерушісі жұмысының қорытындылары бойынша есепті есепті айдан кейінгі 5-ші күнге дейін ұсыну;
- Қозғалыс қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу, ҒТҚ талдау негізінде түзету және алдын алу шараларының тоқсан сайынғы жоспарын жасау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
Саладағы мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялары( көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары, вагондар); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Автоматтандыру және басқару; құрылыс (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электр энергетикасы - Жұмыс тәжірибесі: кемінде 3 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр