"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақмола бөлімшесі" (НОД-1) филиалы (логистика бойынша) директорының орынбасары
- Құрылған күні:
- 12.12.2024
- Берілген өтінім:
- 6
- Қаралған саны:
- 127
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Филиал шекараларында темір жол көлігімен жүктерді тасымалдау динамикасына әсер ететін барлық конъюктуралық факторларды ескере отырып, филиал қызметтерінің көліктік-логистикалық секторының дамуына басшылық жасайды және көлік нарығының мониторингін қамтамасыз етеді;
- Филиал шекараларында жүктерді тасымалдауға және тасымалдау тарифтеріне байланысты мәселелер бойынша бәсекелестік ортаға талдау жүргізу;
- Қатысушы қызметкерлерді жүк шаруашылығының жұмысы мәселелері бойынша компания мен серіктестік басшылығының жаңадан келіп түскен бұйрықтарымен және жеделхаттарымен таныстыру мақсатында планерлік кеңестер өткізеді;
- Жүк шаруашылығындағы поездар қозғалысы қауіпсіздігінің жай күй мәселелерін қарайды және филиал шекараларында жүк операцияларын жүзеге асыру кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуының алдын алу жөніндегі шаралар қабылдайды;
- Жүк шаруашылығында поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, филиал шекарасында жүк шаруашылығында өндірістік және технологиялық тәртіпті нығайту жөніндегі жұмысты бақылайды;
- Қызметтің жетекшілік ететін бағыттарында тәуекелдерді өлшеу, бақылау және мониторингілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- Жүктерді тасымалдаудың қағазсыз технологиясына көшу бойынша тасымалдау процесіне қатысушылармен жұмысты ұйымдастырады;
- Көлік дәліздерінің магистральдық және терминалдық инфрақұрылымын дамытуға, Қазақстан Республикасының (бұдан әрі - ҚР) транзиттік әлеуетін арттыруға қатысады, филиал шекараларында көліктің барлық түрлерінің жүк ағындарының оңтайлы маршруттары мен схемаларын айқындайды;
- Кез келген түрдегі жүктерді, оның ішінде "есіктен есікке дейін" аралас (мультимодальды) тасымалдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсетуді және логистикалық қызметтердің барлық түрлерін көрсетуді қамтамасыз етеді, филиал шекараларында аралас (мульмимодальды) тасымалдардың дамуына бақылауды жүзеге асырады;
- Тасымалдауды ұйымдастыру мәселелері бойынша Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының өңірлік құрылымдарымен, өнеркәсіптік қауымдастықтармен, тауар-шикізат биржаларымен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), Теміржол көлігіндегі жүк және коммерциялық тжұмыс, теміржол көлігіндегі көлік логистикасы
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 5 жылдан кем, басшы лауазымдарда кемінде 3 жыл, оның ішінде: ұйымдастыру және тасымалдау шарттары бөлімінің бастығы/станция бастығының жүк және коммерциялық жұмыс жөніндегі орынбасары лауазымдарында
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)