"QazaqGaz Aimaq" АҚ Қызылорда өндірістік филиалының Халыққа қызмет көрсету операциялық қызметтің жетекші маманы

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалы Қызылорда қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
520

   Конкурс туралы

Құрметті үміткер!

Компаниямызға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Вакансияға жауап бермес бұрын, конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттармен танысуды сұраймыз:

  1. Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б. туралы берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік үміткердің мойнында.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, сізге 5 (бес) жұмыс күні ішінде коррупциялық қылмыс жасағаныңыз туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама ұсыну қажет.
  1. Жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды бақылауды сұраймыз.

Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.

Міндеттер:

    • Газ нарығындағы бәсекелестік ортаны мониторингтеу, әлеуетті жеткізушілер мен тұтынушыларды анықтау мақсатында (контрагенттердің сенімділігі туралы ақпаратты талдау, келісімшарттар жасау кезінде коммерциялық тәуекелдің дәрежесін бағалау, газ нарығының конъюнктурасы мен даму тенденцияларын зерттеу, тауарлар мен қызметтерге сұраныс пен бағаларды талдау);
    • Бюджет, калькуляциялар және ақпарат бөлімдеріне уақытында өзгерістер енгізу, тікелей басшыны хабардар ету;
    • Жаңа қызмет түрлерінің техникалық-экономикалық негіздемелеріне қатысу;
    • Коммерциялық қызметті ұйымдастыру мақсатында бөлімнің экономикалық жоспарлау жұмыстарын жүргізу;
    • Тауарлар мен қызметтердің нақты іске асырылуын есепке алу мониторингін жүргізу, бюджетті жоспарлау;
    • Компанияның басқа қызмет түрлері бойынша келісімшарттар шеңберінде контрагенттердің міндеттемелерін орындауын мониторингтеу;
    • Дебиторлық қарыздың жағдайын мониторингтеу, оның пайда болу себептерін анықтау және жою, тауарлар мен қызметтер үшін дебиторлық қарыздың өсуін болдырмау шараларын әзірлеу;
    • Болжамдық және маркетингтік деректерді ескере отырып, бюджеттің жеке бөлімдерін айларға және тоқсандарға бөлуді әзірлеу;
    • Қаржылық есеп айырысулардың тәртібі мен нысандары;
    • Мероприятияны әзірлеуге қатысу

    -  тауарларды сату мен қызмет көрсету бойынша бәсекелестікті арттыру;

    - өндіріс пен тауарларды сатудағы шығындарды азайту;
    - өндірістің рентабельділігін арттыру;
    - пайда көлемін ұлғайту;
    - шығындар мен өнімсіз шығындарды жою

    Абоненттерді тарту, газификация жоспарын орындау үшін үгіт-насихат шараларына қатысу.

    Жұмыс барысында анықталған кемшіліктер бойынша түзету (ескерту) шараларын жүзеге асыруға қатысады, сондай-ақ процесс нәтижелілігін бағалау нәтижелері бойынша, ішкі және сыртқы аудит нәтижелері бойынша.

Талаптар:

Халыққа қызмет көрсету операциялық қызметінің жетекші маманының біліктілігі келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:
  • Білім - жоғары (экономикалық немесе техникалық) жұмыс тәжірибесіне талап қойылмайтын немесе орта (экономикалық немесе техникалық) жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем емес.
  • Жетекші маман өз қызметінде орындауға тиіс жұмыстардың көлемінде келесі құжаттарға сүйенуі тиіс:

    -  Қазақстан Республикасының Конституциясы;

    -  Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі;

    - Қазақстан Республикасының «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңы, «Тауарлық және сұйытылған мұнай газын бөлшек сату және пайдалану ережелері»;

    - ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы.

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес ресімдеу.
  • Демалыс күндері - сенбі және жексенбі бар бес күндік жұмыс аптасы.
  • Жұмыс уақыты 9:00-ден 18:30-ға дейін.






Қажетті қабілеттер

  • маркетинг
  • Работа с населением
  • - Soft skills: коммуникабельность, умение работать в команде, стрессоустойчивость, пунктуальность
  • умение работать в системе 1 С
  • * Навыки владения инструментами анализа данных и работы с большим объёмом информации;опыт