"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "ЖТ Ақмола бөлімшесі" (НОД-1) филиалының жоспарлау-экономикалық бөлімінің жетекші экономисі

от 360720
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
140

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ЖТ бөлімшесі бойынша пайдалану шығыстары жөніндегі жоспардың орындалуын ай сайынғы есепке алуды, талдауы және бақылауды жүргізу;
  • Шығыстар жоспарының орындалуын талдау негізінде тиісті құрылымдық бөлімшелерге шығыстар бюджетін түзетуге сұраулар мен ұсыныстарды есеп айырысуларды, түсіндірме жазбаларды және негіздемелерді қоса бере отырып жолдау;
  • Бөлімше бойынша тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер бойынша шығыстардың бюджетін қалыптастыру және қорғау;
  • ЖТ бөлімшесіне кіретін шаруашылықтар бойынша пайдалану шығыстарының жоспары бойынша бухгалтерлік және жедел есептілік нысандарын қалыптастыруды бақылау;
  • Айлық, тоқсандық және жылдық септерге жиынтық кестелер жасау және шығындар элементтері бойынша түсіндірме жазбадан талдау: материалдар; байланыс қызметтері; қорларды сату; отын; электрэнергиясы;
  • Жұмыстар мен қызметтерге сатып алу жоспарын тексеру және келісу;
  • ЖТ бөлімшесі бойынша пайдалану және экономикалық қызмет туралы алдын ала жедел және нақтыланған ақпаратты жалпы жинауды жүзеге асыру;
  • еншілес, бөгде және өзге де кәсіпорындардың қызметтері бойынша тізілімді жүргізу;
  • Шығыстар мен баптардың түрлері бойынша бекітілген шығындар элементтері шегінде филиал бюджетін түзету;
  • Қызметтерге бастапқы құжаттарды өңдеу және шығыстарды баптарға жатқызу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары 
  • Мамандығы: есеп және аудит, экономика,менеджмент,қаржы, көлік, көлік техникасы және технологиялары (теміржол көлігі), тасымалдауды, қозғалысты ұыймдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Бастапқы)