"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Ақмола магистральдық желінің бөлімшесі" филиалының Курорт - Бурабай станциясының поезд (өрт сөндіруші) бастығы
- Құрылған күні:
- 13.12.2024
- Берілген өтінім:
- 4
- Қаралған саны:
- 140
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Өрт сөндіру поезы мен жеке құрамды ұдайы жауынгерлік әзірлікте ұстайды. Өрт-техникалық қару-жарақ пен жарақты сынауды, жөндеуді, ауыстыруды, өрт сөндіру поезын сынауды уақтылы жүргізеді;
- Өрт сөндіру поезының қызметкерлерімен қызметтік даярлық бағдарламасына сәйкес арнайы даярлық бойынша сабақтарды ұйымдастырады және өткізедіҢ
- ТжКҚД-ны тарта отырып, қызмет көрсетілетін учаскеде өрт-тактикалық оқу-жаттығуларын әзірлейді және өткізеді;
- Өрт қауіпсіздігінің жай-күйін, өрттің шығу себептерін талдайды және талдау негізінде жылжымалы құрамның өртке қарсы жай-күйін жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлейді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі), өрт қауіпсіздігі саласындағы мамандандырылған оқу орталығында даярлау.
- Мамандығы: Өрт қауіпсіздігі. Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Автоматтандыру және телемеханика; Электрмен жабдықтау; Көлік, көлік техникасы және технологиясы; Көлік құрылысы; Көліктегі логистика; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)