"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Семей ЖТ бөлімшесі" Семей станциясы, сыныптан тыс - қоймашы

179056 - 188571
НОД-6 (Семейское отделение ГП) Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
151

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Әртүрлі құнды материалды: жанар-жағар май, отын, шикізат, бөлшектер, құрал-сайман, арнайы киім, арнайы аяқкиім, жуғыш заттар, мүлік-жарақ және т.б. қоймаға қабылдау, салмағын өлшеу, сақтау және оларды қоймадан беру; 
Қабылданатын  құнды материалдың  қоса берілген құжаттарға сәйкестігін тексеру;
Құнды материалды түр-түрі, өлшемдері, мақсаты және басқа сипаттары бойынша сұрыптап қолмен немесе механизм көмегімен сақталу орындарына жеткізу;
Бүлінуі мен жоғалуының алдын алу мақсатында  қабылданатын құнды материалдың сақталуын ұйымдастыру;
Жүк тиеу және түсіру және оны қойманың ішінде орналастыру жұмысын басқару;
Іске жарамсыз құрал-саймандарға, аспаптарға және т.б. ақау актілерін, оларды жөндеу және тізімнен шығару актілерін, сондай-ақ материалдың кем келуі мен бүлініп ақаулы болуына актілер толтыру:
Сақталудағы құнды материалдардың қоймадағы санына есеп жүргізу  және олардың  жұмсалуы бойынша есеп беру құжаттарын толтыру;
Құнды материалдарды түгендеп есепке алу жұмысына қатысу;
Қарауындағы  қоймаға жеткізілген құнды материалдар мен тауардың сақталуын қамтамасыз ету;
Өзімен алып жүретін  жаңа радиостанцияларды  қабылдау, қолға табыстау, сақтау, жөндеуге және тізімдемеден шығаруға  жатқызылатын радиостанцияларға есеп жүргізу.

Біліктілік талаптары:

Білімі: Белгіленген бағдарлама бойынша орта және арнайы дайындық
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ

Қосымша талаптар:

жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарын және Теміржол көлігінде жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу бойынша   бірлесіп қызмет ету туралы  келісімнің талаптарын сақтау;
жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін  және жемқорлыққа төзбеудің деңгейін арттыру бойынша ұжым арасында  қолайлы жағдай жасау;
жемқорлық әрекеттер туралы анық болған фактілер жөнінде дереу мекеменің бірінші басшысына  хабарлау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру