«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шу жол дистанциясының Көлік блогының бас механигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Бөлімшенің жұмысын үйлестіру және бағыты бойынша тиісті құрылымдық бөлімшелердің (қызметтердің) қызметіне басшылықты жүзеге асырады;
- өз міндеттерін ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен және басқа бөлімшелер мен қызметтердің басшыларымен өзара іс қимыл жасай отырып орындайды;
- ССП және автотракторлық техниканың, жабдықтардың үздіксіз және техникалық дұрыс пайдаланылуын және сенімді жұмысын, қажетті деңгейде жұмысқа жарамды күйде ұстауды қамтамасыз етеді;
- жоспарлы-алдын алу жөндеу жүйесінің ережелеріне сәйкес ССП және жабдықтарды тексеру, сынау және профилактикалық жөндеу жоспарларын (кестелерін) әзірлеуді ұйымдастырады, осы жоспарларды бекітеді және олардың орындалуын бақылайды, өндірістің техникалық дайындығын қамтамасыз етеді;
- жоспарларды (кестелерді) жөндеу жүргізу үшін тартылатын мердігер ұйымдармен келіседі, оларды қажетті техникалық құжаттамамен уақтылы қамтамасыз етеді, күрделі жөндеуге титулдық тізімдер жасауға қатысады;
- жабдықтың болуы мен қозғалысын есепке алу, техникалық және есептік құжаттаманы жасау және ресімдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (көтеру-көлік, құрылыс, жол машиналары мен жабдықтары); Машина жасау; Электр энергетикасы; электр энергетикасы; Аспап жасау; Жылу энергетикасы; көлік құрылысы; темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы, Көпірлер мен көлік тоннельдері
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 3 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)