Бас бухгалтер

«Кокшетауская ТЭЦ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 7 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
214

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • 1)       Товариществе бухгалтерлік және салықтық есеп жүргізу, сондай-ақ қаржылық есептілікті қалыптастыруды қамтамасыз ету

    2)     Келісім-шарттарды, бұйрықтарды және басқа құжаттарды бухгалтерлік және салықтық заңнамаларға сәйкестігін тексеру

    3)    Шаруашылық операцияларын бақылау, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтау және құжат айналымын ұйымдастыру

    4)    Бухгалтерлік және салықтық есеп мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелерге әдістемелік көмек көрсету және өзара әрекеттесу

    5)    Есеп беру кезеңін жабу бойынша іс-шараларды жүзеге асыру

    6)    Статистикалық есептіліктің уақтылы дайындалуын және ұсынылуын бақылау

    7)    Салықтық есептіліктің уақтылы дайындалуын және ұсынылуын бақылау

    8)    Салықтық есептілікке арналған салық тіркеулерінің уақтылы дайындалуын бақылау

    9)       Клиенттермен келісім-шарттарға сәйкес орындалған жұмыстардың актілерін, олардың түсіндірмелерін (қажет болған жағдайда) қалыптастыру, келісу және қол қою

    10)  Товарищество қаржылық есептілігін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес сапалы және уақтылы қалыптастыру

    11)  1С «Консолидация» бағдарламасында халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес қаржылық есептілік пакетін қалыптастыру

    12)  Қаржылық есептілікке жыл сайынғы аудит жүргізу

    13)  Аудитті жүргізу кезінде қажетті ақпаратты беру үшін сыртқы тәуелсіз аудиторлық компаниямен өзара әрекеттесу

    14)  Бухгалтерлік құжаттарды сақтау және оларды белгіленген тәртіппен архивке тапсыру жұмыстарын үйлестіру

    15)  Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес клиенттермен келісім-шарттар бойынша табыс тану операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету

    16)  «1С: Бухгалтерия 8.3» бағдарламасында қосылған құн салығының дұрыс көрсетілуін бақылау

    17)  Электрондық шот-фактураларды электронды түрде шығару жүйесінде шот-фактураларды жазып шығару

    18)  Мүлікті, есептер мен міндеттемелерді инвентаризациялауды өткізу тәртібін қамтамасыз ету

    19)  Қызметтер немесе тауарларды жеткізу бойынша келісім-шарттармен белгіленген тәртіпте уақытында төлеу

    20)  Орындалған жұмыстардың (қызметтердің) актілерін жазып шығару, белгіленген нормативтік құжаттарға сәйкес операциялар жүргізу

    21)  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарауға шығарылатын материалдарды келісу

    22)  Уақытша бос ақшалай қаражаттар туралы есептілікті құруды бақылау

    23)  Конверсиялық операциялар туралы есептілікті құру

    24)  Төлемдер кестесін уақытында және сапалы жасауын бақылау

    25)  Төлемдер реестрін уақытында және сапалы жасауын бақылау

    26)  Төлемдер кестесінің орындалуы туралы есепті уақытында және сапалы құруды бақылау

    27)  Касса жоспардың орындалуы туралы есепті уақытында және сапалы құруды бақылау

    28)  Бухгалтерлік ақпаратқа сәйкес оперативті және қорытынды есептерді құру

    29)  Шаруашылық операцияларын рәсімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының түрлерін әзірлеу және қабылдау жоспарын дайындау

    30)  Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды уақытында және дұрыс рәсімдеуін бақылау

    31)  Ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының формаларын әзірлеу

    32)  Конверсиялық операциялар туралы есептілік құру және ұсыну

    33)  Қаржылық тәуекелдер туралы есептілік құру және ұсыну

    34)  Товарищество бухгалтерлік және салықтық есептілігін жетілдіру және автоматтандыру бойынша өзара әрекеттесуді үйлестіру және қамтамасыз ету

    35)  Салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша есептелген және төленген сома туралы есептілік құру және ұсыну

    36)  Банкпен еркін қаржылық қаражатты депозитке орналастыру және кассалық-есеп айырысу қызметтері бойынша мәселелерді шешу

    37)  Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне бухгалтерлік және салықтық есеп мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындау

    38)  Товарищество басшылығының жүктеген басқа міндеттерін орындау

Талаптар:

  • Жоғары білім (экономикалық/қаржылық/бухгалтерлік);

  • «Кәсіби бухгалтер» ұлттық кәсіби сертификаты немесе реттеуші органдар мен жұмыс берушілермен мойындалған халықаралық сертификаттардың бірі болуы керек;
  • Жалпы жұмыс өтілі кемінде 10 жыл;
  • Кәсіби салада (оның ішінде холдингтерде, ұлттық компанияларда, корпорацияларда, акционерлік қоғамдарда, консорциумдарда және бірлескен кәсіпорындарда) - кемінде 7 жыл;

  • Басқарушы лауазымдарда - кемінде 5 жыл.

Жағдайлар:

  • 5/2 жұмыс кестесі, 09:00-18:30
  • Әлеуметтік пакет, ресми жұмысқа қабылдау