"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС жаңа технологияларды гидродинамикалық модельдеу қызметінің сарапшысы

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
9

Қаралған саны:
258

   Конкурс туралы

Талаптар

Лауазымдық нұсқаулық бойынша  қойылатын біліктілік талаптары

Қажетті біліктілік

Білім деңгейі

Жоғары кәсіби білім

Білім беру профилі

Жоғары, техникалық (мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану/жобалау саласында)

Қалаулы

Магистр дәрежесі сәйкес лауазым профилі/доктор PHD

Сертификаттар, лицензиялар:

Мұнай және газ кен орындарын игеруді талдауға арналған мамандандырылған салалық бағдарламалық өнімдермен жұмыс істеу бойынша курстарды аяқтау, сондай-ақ PETREL, ECLIPSE, INTERSECT, t-Navigator сияқты мұнай және газ кен орындарын модельдеуге қатысты бағдарламалар және т.б.

Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі

Кем дегенде 6 жыл

Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе функционалдық салаларға сәйкес салаларда профиль бойынша жұмыс тәжірибесі

Кемінде 3 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі

Талап етілмейді

Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  1. Геология, сейсмикалық және петрофизика, сұйықтықтар мен газдың жерасты механикасы, ұңғымаларды бұрғылау, кен орындарын игеру технологиялары мен техникалары, ұңғымаларды және қабаттарды зерттеудің геофизикалық және гидродинамикалық әдістері, мұнай мен газ қорларын есептеу, геологиялық мәліметтерді талдаудың математикалық әдістері саласындағы білім;
  2. Геологиялық және гидродинамикалық модельдеу саласындағы білім мен дағды;
  3. Кен орындарын игеруді бақылау әдістерін білу (ұңғымаларды гидродинамикалық сынау, қабаттың ағымдағы мұнайға қанығуын, ағын және қабылдау профильдерін зерттеу, және т.б.) және оларды түсіндіру;
  4. Мұнай-газ саласында веб-технологияларды қолдану негіздерін білу;
  5. Мұнай және газ, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласындағы заңнамалық және нормативтік актілерді білу;
  6. Ғылыми-техникалық құжаттаманы дайындау мен ресімдеуге қойылатын жалпы талаптарды білу;
  7. Қазақ тілін және/немесе орыс тілін, ағылшын тілін (мүмкіндігінше) білу.

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары;
  2. Schlumberger бағдарламалық жақтамада, РФД және геологиялық және гидродинамикалық модельдеуге, игеруді талдауға арналған басқа мамандандырылған бағдарламалармен жұмыс істеу дағдылары;
  3. Жүйелеу, есепке алу және құжаттау, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану дағдылары;
  4. Мемлекеттік органдармен, жоғары ұйымдармен, халықаралық серіктестермен, мердігерлермен, инвесторлармен, қызметкерлер өкілдерімен, БАҚ және т.б. тиімді өзара әрекеттесу дағдылары;
  5. Геологиялық және гидродинамикалық модельдеу саласындағы тәуекелдерді басқару дағдылары;
  6. Келіссөздер жүргізу, таныстыру, іскерлік қарым-қатынас және хат алмасу дағдылары.

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:

1.     Геологиялық және гидродинамикалық модельдеу жұмыстарын жүргізу үшін қажетті кәсіпшілік материалды жинау, жүйелеу және дерекқорды қалыптастыру;

2.     Гидродинамикалық есептеулер үшін цифрлық геологиялық модельді дайындау, мұнай және газ конденсатты кен орындарын гидродинамикалық модельдеуге қатысу;

3.     ҚМГ өндіруші активтерінің кен орындарының мұнай-газ қабаттарының гидродинамикалық үлгілерін құру және жаңарту бойынша қызмет жұмысын жүргізу және ұйымдастыру;

4.     Гидродинамикалық модельдер негізінде технологиялық игеру нұсқаларын есептеу;

5.     ҚМГ өндіруші активтерінің кен орындарын игеруді жақсарту үшін қажетті жобалық шешімдер мен геологиялық-техникалық шараларды әзірлеу;

6.     Гидродинамикалық модельдеу, модельдік сараптама және т.б. бойынша консультациялық қызметтерді көрсету;

7.     Серіктестік басшылығы атынан өз құзыреті шегінде Серіктестіктің, ҚМГ мен Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін операциялық компаниялардың Консультативтік комитеттеріне, жұмыс топтарына және басқа да органдарына қатысу;

8.     Қызмет пен бөлімнің тақырыптық жоспарында қарастырылған мәселелер бойынша ғылыми жетекшілікті жүзеге асыру, олардың түпкілікті мақсаттары мен нәтижелерін қалыптастыру;

9.     PETREL, ECLIPSE, INTERSECT және басқалары сияқты резервуарларды модельдеуге арналған заманауи мамандандырылған бағдарламалық жүйелерді пайдалана отырып жұмыстарды жүргізу;

10.  Жетекшілік ететін жобалар бойынша Серіктестік басшылығына есеп беру;

11.  Кәсіби деңгейді, өз біліктілігін арттыру және ғылымның, техниканың және озық жобалау әдістерінің соңғы жетістіктерін бақылау бойынша тұрақты жұмыс орындау;

12.  Стандарттау саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды, Серіктестіктің ішкі құжаттарын әзірлеуге қатысу;

13.  Жаңа технологияларды гидродинамикалық модельдеу қызметі басшысының, модельдеу және мұнай беруін арттыру департаментінің директорының, бас директордың өндіріс жөніндегі бірінші орынбасарының жаңа технологияларды гидродинамикалық модельдеу қызметіне қатысты тапсырмаларын орындау;

14.  Нормативтік талаптарды және жоғары сапалы құжаттаманы сақтау, оны бекітудің белгіленген тәртібін сақтау;

15.  Серіктестіктің Техникалық-экономикалық кеңесі мен ғылыми-техникалық кеңесінің қарауына материалдарды дайындау (қажет болған жағдайда);

16.  Өз өкілеттіктері шегінде Мұнай беруді арттыру және модельдеу департаменті туралы ережеге сәйкес департаментке жүктелген міндеттердің орындалуын және функциялардың орындалуын қамтамасыз ету;

17.  Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтау;

18.  Еңбек шартында және осы лауазымдық нұсқаулықта өзіне жүктелген міндеттерді сапалы және уақтылы орындау, сондай-ақ Серіктестік басшылығының бұйрықтарын, нұсқауларын және тапсырмаларын тиісінше орындау;

19.  Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және Серіктестіктің ішкі құжаттарының талаптарын сақтау.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы