«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – «Қызылорда магистральдық желі филиалы» Қызылорда сигнализация және байланыс дистанциясының 1 санатты инженері.

306810 - 325044
Кызылординская дистанция сигнализации и связи Қызылорда облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
99

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Дистанцияның СОБ, байланыс, радио, КТСМ құрылғыларының, автокөліктерді, ғимараттарды және құрылыстарды күрделі жөндеу бойынша техникалық бөлімінің жұмысын ұйымдастыру
  • Ғимараттар мен құрылыстарды паспорттау, есепке алу, оларға жөндеу, жаңғырту және қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін паспортқа өзгеріс енгізу
  • АГО-15, 16, 18 жылдық есебін, ғимараттардың және автокөліктердің ведомостін дайындау
  • ТЭР, автокөлік, метрология, металл сынықтары, негізгі қорды есептен шығару сұрақтарымен айналысады.
  • Электр энергиясын үнемдеу материалдарын дайындау, электр энергиясының шығындарын есептеу
  • ТЭР үнемдеуге жауапты тұлғалардың бұйрығын дайындау
  • ТЭР шығындарын талдау
  • Негізгі қордың, ғимараттардың, құрылыстардың инвентаризациялау комиссиясының жұмысына қатысады.
  • Лауазымдық нұсқаулыққа қатысы бар сұрақтардың хаттамаларын дайындайды, жауаптар мен есептер дайындайды
  • Жиынтық жоспар ісшаралары мен күрделі жөндеуге керек материалдар мен құрылғылармен жабдықтау сұрақтарын жүргізеді.
  • Мердігерлермен және жеткізушілермен келісім шарттар мен өтінімдер дайындайды.
  • СОБ, байланыс, радио, КТСМ, АЛС, автокөліктер, ғимараттар және құрылыстарға қажетті жабдықтар мен материалдарға өтінім дайындау. Өтінімдерді SAP жүйесіне енгізу.
  • Шұғыл талқылауларды ұйымдастыру және қатысу, қауіпсіздік тәртібін бұзу жағдайлары бойынша сапалы материалдар дайындау.
  • СОБ сұрақтары бойынша дистанцияда іс қағаздарын жүргізу
  • СОБ, РПС құрылғыларындағы негабариттердің жойылуын бақылау.
  • Су және ГСМ тұтыну нормаларын есептейді, су есептеу құралдарына ГСМ шығындарына бақылау жүргізеді 
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі)
  • Мамандығы: Автоматизация және басқару; Радиотехника, электроника және телекоммуникация, Автоматика, телемеханика және байланыс
  • жұмыс тәжірибесі: осындай лауазымда 2 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр