"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Ақмола магистральды желі бөлімшесі" филиалы Астана сигнализация және байланыс дистанциясы радиобайланыс электромеханигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
-Теориялық және практикалық қызмет көрсетілетін құрылғыларды және жұмыс ережелерін білу, сондай-ақ құрылғы параметрлерін өлшеу және реттеу, монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу дағдыларының болуы; жүйелі түрде білім деңгейін көтеру, өз тәжірибеңіз бен біліміңізді қарамағындағы қызметкерлерге беру;
-Технологиялық кестелер мен сенімділікті арттыру жоспарларын әзірлеу, бағыныштылардың жұмысын жүйелі түрде тексеру, құрылғылардың дұрыс және үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
- Ай сайынғы талдаулар негізінде ақаулардың қайталануын болдырмау шараларын жасау;
-Айына кемінде бір рет барлық қызмет көрсетілетін радиобайланыс құрылғыларының техникалық мазмұн стандарттарына сәйкестігін тексеру; электромеханиктердің және радиоэлектриктердің бекітілген техникалық қызмет көрсету жоспарлары мен кестелеріне сәйкес жұмыстарды орындау ережелерін сақтауы, анықталған кемшіліктерді электромеханиктерге және радиоэлектриктерге көрсете отырып, есеп құжаттамасы мен жазбаларды дұрыс жүргізу. ШУ-2 журналына тексеру нәтижелерін жазу;
- Тиісті ережелер мен нұсқаулықтарда көзделген еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария, еңбек гигиенасы, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға.
Біліктілік талаптары:
Білімі
белгіленген бағдарлама бойынша орта немесе арнайы оқу (электриктерді даярлау курстары)
Мамандығы
Темір жол көлігіндегі автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация; Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс.
Жұмыс тәжірибесі
кем дегенде 2 жыл электромонтер лауазымында жұмыс істеген
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж