«KMG Drilling & Services» ЖШС Түрікменстандағы филиал директоры орынбасарының
KMG Drilling and services ЖШС Астана қ.1) филиалдың қызметін басқару мен үйлестіруге байланысты міндеттерді орындауда тікелей басшыға жәрдем көрсетуге;
2) "Самұрық-Қазына" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ, Серіктестік органдары мен тікелей басшыдан түскен актілер мен тапсырмалардың орындалуына мониторинг жүргізу;
3) инциденттер мен аварияларды тергеп-тексеруге қатысуға, себептерін талдауға және олардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге;
4) мұнай сервисі қызметтеріне қажеттіліктер бөлігінде Түркіменстан нарығының мониторингінде тікелей басшыға жәрдем көрсетуге, тендерлерге қатысу шарттарын талдауға және конкурстарға қатысу үшін құжаттар беруді ұйымдастыруға;
5) өндірістік бағдарламаларды, филиал бюджетін, сондай-ақ жобалар үшін техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуге және келісуге қатысуға міндетті;
6) Өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қоюға және бұрыштама қоюға құқылы;
7) Түркіменстанның салық, кеден, көші-қон және басқа да мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасауға;
8) жұмыстарды тоқтата тұруға және жоғары тұрған басшылыққа өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы ережелер мен нұсқаулықтарды бұзу қызметкерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіруі мүмкін, алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде болған кезде жұмысқа кіріспейтін жағдайлар туралы баяндауға;
9) жұмыстарды жүргізу бойынша қажетті нұсқаулардың сақталуын, сондай-ақ тапсырылған жұмыстың уақтылы және сапалы орындалуын, технологиялық және еңбек тәртібінің, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау саласындағы қағидалар мен нұсқаулықтардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.
Талаптар
Тілдерді білуі
|
· мемлекеттік; · орысша; · ағылшын. |
Заңнамалық және нормативтік актілерді білу |
· жауапкершілігі шектеулі және қосымша серіктестіктер туралы" Қазақстан Республикасының Заңын білу; · жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін білу; · Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін білу; · Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының негіздерін білу; · өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу. |
Білуге тиіс |
· мұнай-газ жобаларын жоспарлау, басқару, желілік жоспарлау, тәуекелдерді талдау негіздері; · ұңғымалардың құрылысын ұйымдастыру бойынша нормативтік, әдістемелік және басқа материалдар; · кәсіпорынның ұйымдастырушылық-технологиялық құрылымының мамандануы мен ерекшеліктері, оның даму перспективалары; · бұрғылау жұмыстарын жоспарлау әдістері; · еңбек заңнамасының негіздері; · еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары; · Қазақстан Республикасында/Түрікменстанда танылған халықаралық теңіз ұйымдарының талаптары. |
Техникалық білім |
· Дербес компьютерде жұмыс істеу дағдылары (Microsoft Office). |
Шарттар:
толық жұмыс күні 5/2
демалыс 30 күнтізбелік күн
қызметтік іссапарлар
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру