Инвестициялық жобалар бойынша жетекші менеджер

«Самұрық-Қазына Бизнес Сервис» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
204

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • «СҚ Бизнес Сервис» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) бизнес-процестердің аутсорсинг қызметтерін көрсету шеңберінде: акционердің мүдделері мен стратегиялық құжаттарға сәйкестігін тексеру үшін салалық талдауды және макроэкономикалық болжамды, сондай-ақ ПК-ның стратегиялық және инвестициялық құжаттарын пайдалана отырып, ПК-ның инвестициялық жобаларына талдау жүргізу; инвестициялық жобаны іске асырудан «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі - Қор) ПК мен потрфельдің көрсеткіштеріне әсерін бағалау; басшылық берген оқиғалардың даму нұсқалары бойынша инвестициялық қызметті қаржылық модельдеу арқылы сценарийлік талдау және жобалар тиімділігінің көрсеткіштеріне ықпал ету бойынша ұсыныстар әзірлеу; ДК деректерін олардың модельдері негізінде салалық дирекциялар мен Қор басшылығынан берілген салалық параметрлер бойынша ДК-ның қаржы-экономикалық және инвестициялық қызметі бойынша есептік модельдер құру; ДК инвестициялық жобаларының тұрақты пост-мониторингі (мәлімделген қаржылық нәтижелерге қол жеткізу, жобалық қуатқа шығу және тағы басқа) және ДК жекелеген жобалары бойынша пост-мониторинг мәселесі бойынша Қордың органдарына материалдар дайындау (Қордың Директорлар кеңесінің фокусы).
Біліктілікке қойылатын талаптар:
  • Бейінді салалардағы жоғары білім: экономикалық/қаржылық/математикалық/техникалық.
  • Қаржы, жобаларды басқару саласында сертификаттаудың немесе қызмет бағыттарына сәйкес келетін өзге де сертификаттаудың болғаны жөн.
  • Мүмкіндігінше халықаралық бизнес-мектептерде/университеттерде алынған MBA/MSc дәрежесінің болуы.
  • Microsoft Power BI, SAP BW, SAP ERP, SQL және т.б. базасында қаржылық деректерді талдау және бизнес-процестерді цифрландыру жөніндегі мамандар лауазымдарында кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі.

Білім мен дағдыларға қойылатын талаптар:

  • жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;
  • Қордың ПК саласын білу, халықаралық экономикалық, салалық және бизнес-үрдістерді түсіну, ағымдағы жағдайды және Қордың ПК қатысу нарығын дамытудың перспективалық бағыттарын білу (қазақстандық және халықаралық);
  • экономиканың түрлі салаларында бизнесті дамытуды қоса алғанда, активтерді басқару қағидаттарын білу;
  • Қордың ПК бойынша жаһандық салалық трендтерді білу, әлемдік нарықтар конъюнктурасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және Қордың әріптес елдерінің нарықтарын түсіну;
  • құралдар және БҚ саласындағы білім: Microsoft Office: EXCEL, PowerPoint, VBA, Visio, SharePoint тәжірибесі; BI талдауы: Tableau, Qlik, Power BI; корпоративтік деректерді басқару жүйелері: SAP BW, SAP ERP, SQL, деректер қоры.
  • компания қызметінің қаржылық және қаржылық емес негізгі көрсеткіштерін анықтау және есептеу негіздерін білу.

Дағдылар мен құзыреттер (функционалдық):

  • келесі салаларда процестерді ұйымдастыру және іске асыру қабілеті болуы тиіс:
  • инвестициялық жобаларды іске асыру бөлігінде стратегияның мақсаттары мен міндеттерін ыдырату;
  • жобаларды басқару саласындағы құжаттардың әдіснамасы мен стандарттауын әзірлеу;
  • инвестициялық жобалардың мониторингі және пост-мониторингі;
  • функционалдық міндеттер шеңберінде процестерді оңтайландыру мен автоматтандыруды арттыру;
  • активтер портфелі шеңберінде оң экономикалық тиімділікке қол жеткізу жөніндегі бастамаларды іске асыру;
  • тиімді презентация және іскерлік байланыс.
  • білімі:
  • жоспарлау және бизнес-аналитиканың қолданбалы бағдарламаларын пайдалану;
  • ішкі нормативтік-құқықтық құжаттардың жобаларын қалыптастыру;
  • жетекшілік ететін бағыттағы тиімділікті арттыру бойынша сараптамалық қорытынды қалыптастыру және нақты ұсыныстар/ ұсынымдар әзірлеу;
  • инвестициялық жобалар бөлігінде деректерді қарқынды, ауқымды жинау және талдау, сондай-ақ салыстырмалы талдау жүргізу;
  • құралдар және БҚ саласындағы білім: Microsoft Office: EXCEL, PowerPoint, VBA, Visio, SharePoint тәжірибесі; BI талдау: Tableau, Qlik, Power BI; корпоративтік деректерді басқару жүйелері: SAP BW, SAP ERP, SQL, деректер қоры;
  • қызмет бағыттары бойынша тәуекелдерді анықтау және басқару қабілеті;
  • аналитикалық ақпаратты дайындау дағдылары;
  • іскерлік хат алмасу, ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу дағдылары, қызметті ұйымдастыра және жоспарлай білу, стратегияны түсіну және мақсаттар мен міндеттерді ыдырата білу.

Құзыреттер (жеке):

  • нәтижеге бағдарлау;
  • жауапкершілік;
  • командада жұмыс істеу;
  • коммуникация дағдылары;
  • өзгерістерді басқару.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр