"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Семей ЖТ бөлімшесі" Семей станциясы, сыныптан тыс, станция бойынша кезекшінің операторы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Вагондар саны, салмағы көрсетілген поездардың келу жоспары туралы ақпаратты алу және онымен маневрлік диспетчерді, станция бойынша кезекшіні және вагон пайдалану депосының операторын таныстыру;Поездардың нақты келуі мен жөнелтілуі туралы ақпаратты поез диспетчері мен маневрлік диспетчерлерге, техникалық байқаудан өту қосынының \ТБҚ\ операторына жіберу, станцияның СТО жұмыскерлеріне поездың нөмірі, келу уақыты мен қабылдау жолы, поездардың құрастырылған құрамын шығару жолы туралы хабарлау;
Поездың вагондар, ось саны, салмағы және поездың шартты ұзындығы, вагондардың түрі, поез бен тепловоздың нөмірі, жөнелту жолы, машинистің аты-жөні, локомотив бригадасының жұмысқа келуі және олардың бақылау қосынынан өткені туралы ақпаратты поез диспетчерлеріне беру;
Жол бөлімшесінен тіркелуге жататын бұйрықтарды, Семей станциясы бойынша жолаушылар вагондарын ағытуға немесе тіркеуге ЛВОК келетін бұйрықтарды қабылдау, оларды журналға тіркеу, қатысты жұмыскерлер мен жетекшілерін қол қою арқылы дереу таныстыру;
Вагондарды, құрамдарды, сонымен бірге 1ВМ класты жүк тиелген вагондарды техникалық және коммерциялық байқаудан өткізуге қою ДУ-58, ДУ-3 үлгідегі журнал, кітапты жүргізу, жолаушылар поезына вагондарды тіркеу мен ағытуды тіркеу кітабын толтырып тұру;
Ескерту бланктерін құрастыру, толтыру және оларды станцияның парк кезекшісі, сигналшылар арқылы локомотив машинистеріне тапсыру;
Жолаушылар, жүк поездарының жол жүруі, жолаушылар поезының жолға қойылуы, локомотивті құрамнан ағытуы, поездың жөнелтілуге дайын болуы, поезды жөнелту, поезды тастауы, резервпен локомотивтің келіу мен жөнелтілуі туралы шүбәсіз ақпаратты 200, 201, 205, 204, 226, 230 хабарламаларды АСОУП жүйесіне уақытында енгізу, АСУСТ істен шыққан кезде АСУ бөліміне уақытында хабарлау.
Біліктілік талаптары:
Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)Саладағы мамандығы: көлікте тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (теміржол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне қойылатын талаптар жоқ
Қосымша талаптар:
бекітілген жоспарға сәйкес техникалық сабақтарға қатысу, конспект жазу және сынақ тапсырып тұру;
кәсіби білімін жетілдіру, еңбек міндеттерін орындауда бастамашылық және жаңашылдық таныту, озық тәжірибені қолдану, әріптестерге жұмыс процесінде қолдау көрсету;
әріптестері және басшылар жасаған ескертулер мен сынға дұрыс қарау, сонымен бірге келтірген қателерін уақытында мойындай білу;
еңбек міндеттерін орындаған кезде жеке басының мүддесі мен пайдасы емес, Серіктестік пен Компанияның мүддесін сақтау;
Өзінің жұмысқа деген көзқарасымен және жеке басының үлгісімен еңбек ұжымында тұрақты әрі жағымды моральдық – психологиялық жағдай жасау;
теміржол көлігінің объектілерінен жүк және құнды материал ұрлау оқиғалары туралы станция бастығына, оперативтік тәртіпте – станция бастығының оперативтік жұмыс жөніндегі және логистика жөніндегі орынбасарларына дереу хабарлау;
Серіктестіктің және Компанияның менеджментің автоматтандырылған жүйесінің \МАЖ\ қызмет процестеріне бекітілген талаптары сәйкес келмеуі анықталған барлық оқиғалары туралы басшылыққа хабарлау;
жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін жақсарту мен жемқорлыққа шыдас бермеу жағынан ұжым арасында қолайлы жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетін жақсарту мен жемқорлыққа шыдас бермеу жағынан ұжым арасында қолайлы жағдай жасалуын қамтамасыз ету;
жемқорлық әрекеттер мен құқықбұзушылық туралы анықталған ақпаратты дереу мекеменің бірінші басшысына хабарлау.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Колледж