бизнес-жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің басқарушылық есептілік және экономикалық талдау бөлімінің маманы
«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
- Құрылған күні:
- 25.12.2024
- Берілген өтінім:
- 66
- Қаралған саны:
- 748
Міндеттері:
- «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) және оның еншілес және бірлесіп бақыланатын ұйымдарының (бұдан әрі – ЕББҰ) қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді экономикалық талдау негізінде басқарушылық есептілікті қалыптастыруға қатысу;
- Қоғамның және оның ЕББҰ бюджетінің орындалуын талдау жүргізіге қатысу, есепті кезеңдер бойынша белгіленген нысандарға сәйкес есептілікті даярлау және оны «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-қа табыс ету;
- Қоғамның бюджеттік баптары бойынша экономикалық анықтамалықтарды ( шығындар түрлерінің, шығындардың туындау орнының, табыстың туындау орнының анықтамалықтарын және т.б.) және шығындар кодының жіктегішерін жүргізу және өзектілендіру;
- Есептік кезең үшін (Қоғам компаниялар тобының есеп жүргізу саясаты бойынша) Қоғамның бизнес-жоспарының орындалуы туралы есепті белгіленген тәртіппен даярлау және Қоғам басқару органдарына табыс етуге қатысу;
- Қоғам басшылығы үшін Қоғамның қаржылық-шаруашылық қызметі бойынша аналитикалық материалдарды дайындауға қатысу;
- Бастапқы есеп құжаттары негізінде шығыстар мен кірістерді қисынды бөлуді, жатқызуды және Қоғамның барлық қаржылық-шаруашылық операциялары мен басқа да оқиғаларын бухгалтерлік есеп шоттарында уақытында көрсетуді мониторингілеуге қатысу;
- Бюджеттің орындалу, экономикалық талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсету, Қоғамның құрылымдық бөлімшелері мен ЕББҰ үшін бизнес-жоспардың орындалуы туралы біріздендірілген есептілік нысандарын әзірлеуге және өзектілендіруге әдістемелік көмек көрсету;
- Департаменттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекет ету;
- тікелей басшымен және Қоғамның ішкі құжаттарымен оған жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
Талаптар:
- Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (экономикалық) білім;
- Мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар
Экономика, қаржы және инвестициялар департаментінің бас маманы
«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
05.01.2025 | 1189
Жиынтық-талдау жұмысы және бақылау департаментінің аға менеджері
«Самрук-Қазына» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
30.12.2024 | 9615
«Теміржолсу-Павлодар» ЖШС 39 цех Павлодар станциясының бас экономисі
ТОО "Теміржолсу-Павлодар" | Еңбекпен толық қамтылу
| Павлодар облысы
05.01.2025 | 1123
356132 - 373730