«Кедентранссервис» АҚ сату департаментінің 1-деңгейдегі бас менеджері
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Экспорттық контейнерлік тасымалдар бойынша апта сайынғы есепті қалыптастыруды және ұсынуды жүзеге асырады;
- бекітілген клиенттердің атына тасымалдаулар бойынша көрсетілген қызметтер үшін ұсынылған есепті кезеңнің ай сайынғы жабылуы бойынша есепті ұсынады;
- бекітілген клиенттерге қойылған вагондық тасымалдар (экспорт, ипорт, транзит, республикаішілік), транзиттік контейнерлік тасымалдар (РЖД-ҚХР-РЖД бағыты бойынша) бойынша есепті кезеңнің ай сайынғы жабылуы бойынша есепті ұсынады;
- есепті кезеңнің ай сайынғы жабылуын тиісінше орындау;
- резиденттерге арналған CRM бағдарламасында жеке кабинет арқылы тапсырыстарды қабылдау;
- бекітілген клиенттердің атына алдын ала төлемге шот-фактуралар қоюды, ШЖК-тасымалдау базасында нұсқаулықтар мен жеделхаттарды қалыптастыруды жүзеге асырады;
- бекітілген клиенттер бойынша есепті кезеңде қойылған және қойылмаған тасымалдар бойынша есепке алуды енгізуді жүзеге асырады;
- бекітілген клиенттермен дебиторлық берешекке жол бермеу бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырады.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Саладағы мамандығы: тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (теміржол көлігі), экономика, менеджмент, маркетинг, қаржы, логистика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 5 жыл, оның ішінде басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл
- "Рейл-Тариф" бағдарламасында тасымалдау төлемдерін есептеу;
- заманауи ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы құралдарын, коммуникациялар мен байланысты пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу тәртібі;
- коммерциялық шарттарды, бизнес жоспарларды, келісімдерді, шарттарды, келісімшарттарды әзірлеу тәртібі;
- нарық конъюнктурасы;
- психология және сату принциптері;
- баға белгілеудің негіздері мен әдістері;
- маркетинг негіздері;
- менеджмент және іскерлік басқару теориясы;
- жарнамалық компанияларды жүргізудің нысандары мен әдістері;
- клиенттерді сатып алуға ынталандыру техникасы;
- салық салу негіздері.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)