Корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және МИЖ жөніндегі бөлімнің тәуекелдерді басқару жөніндегі I санаттағы менеджер. Уақытша болмаған жұмыскерді ауыстыру уақытына

255283 - 306340 KZT
«Болат Нұржанов атындағы Екібастұз МАЭС-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Қызметкер болмаған кезде, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
64

   Конкурс туралы

Міндеттер:

Мақсаты: Кәсіпорында тәуекелдерді басқару жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін процестерді енгізу, тәуекелдерді азайту жөніндегі жоспарларды талдау және әзірлеу, кәсіпорында осы жоспарлардың іске асырылуын бақылау

Тапсырмалар:

  • «Самұрық-Энерго» АҚ «Тәуекел менеджмент және ішкі бақылау» департаменті әзірлеген серіктестік тәуекелдерінің мониторингі бойынша рәсімдерді енгізеді;

  • тәуекелдерді басқару жүйесінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелеріне қолдау көрсетуді, оның ішінде орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;

  • тәуекелдерді анықтау және тәуекелдерді бағалау процесін, оның ішінде сарапшылардың қатысуымен үйлестіреді;

  • компанияның анықталған және пайда болған тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау мәселелерін талқылау үшін серіктестіктің тәуекел иелері мен тәуекел үйлестірушілерімен тоқсан сайын кездесулер өткізеді;

  • тәуекелдер бойынша жиынтық есептілікті, оның ішінде тәуекелдерді сипаттаумен және талдаумен тоқсан сайынғы есептерді қалыптастырады;

  • тәуекелдерді азайту бойынша жоспарлар мен бағдарламалардың, негізгі тәуекел көрсеткіштері бойынша мәртебенің іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады;

  • тәуекелдер жөніндегі комитеттің отырыстарына қатысады,

  • кәсіпорын қызметкерлеріне тәуекелдерді басқару саясатының негізгі қағидаттары бойынша оқыту жүргізеді;

  • тәуекелдерді басқару жүйесінің мәселелеріне қатысты кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарын анықтауға қатысады;

  • ішкі тексерулер нәтижесінде анықталған, сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесін талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын сәйкессіздіктерді жою және алдын алу бойынша түзету және алдын алу іс-қимылдарын әзірлеуге қатысады және жүзеге асырылуын бақылайды;

  • елеулі ауытқуларды анықтау мақсатында тәуекелдерді басқару процестерінің мониторингін жүзеге асырады;

  • кәсіпорынның тәуекелдеріне айтарлықтай әсер етуі мүмкін сыртқы факторларды бақылайды;

  • кәсіпорынның негізгі тәуекелдері бойынша лимиттер мен саясаттардың сақталуына мониторингті жүзеге асырады;

  • корпоративтік басқару, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау бөлімінің құзыретіне жататын хаттарды, өтініштерді қарайды және олар бойынша тиісті жауаптар, қорытындылар дайындайды;

  • Кәсіпорынның корпоративтік басқару жағдайына мониторинг жүргізуге және оны жетілдіруге қатысады;

  • кәсіпорынның тәуекелдерін сапалық және сандық бағалауды жүзеге асырады;

 Талаптар:

Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (техникалық, қаржы, экономика, аудит) білімінің болуы. Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі (бейіні/ұзақтығы): кәсіби саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 2 жылды қрауы керек.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр