"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС "Қарағанды ЖТ бөлімшесі" филиалы (1 класс) Шұбаркөл станциясының жүк және багажды қабылдап тапсырушысы (НОД-4)

214731 - 225831
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Қызметкер болмаған кезде, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
99

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Вагонға, контейнерге тиелген жүк жөнелтушіден тасымалдауға коммерциялық тұрғыдан қабылдау және жүк қабылдаушыға вагонға, контейнерге  тиелген жүкті тапсыру жүргізу
  • Жүктің салмағын өлшеу және оны орын санын, жағдайын, салмағын тексеру арқылы Теміржол көлігімен жүк тасымалдау Ережелері, Халықаралық жүк тасымалы жөніндегі келісіммен қарастырылған жағдайда тапсыру
  • Тікелей теміржол-паром қатынасы арқылы тасымалданатын жүктерді порттардан жеткізу және қабылдау
  • Тиісті құжаттарды әзірлеу, жүк, вагондар, контейнерлерді қабылдау, тиеу, қайта тиеу, түсіру, беру және тапсыру бойынша белгіленген есептерді жасау
  • Белгіленген тәртіпке сәйкес тергеуге түсетін акт материалдарын қарау, коммерциялық актілер, жалпы нысандағы актілерді, баянаттарды құрастыру

Біліктілік талаптары:

  • Білімі жоғары, орта (техникалық және кәсіби), орта
  • Мамандығы:  Көлікте (салалар бойынша) тасымалдау және қозғалысты басқаруды ұйымдастыру; Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру  және қозғалысты басқару
  • Жұмыс тәжірибесі:  жоғары және орта (техникалық және кәсіби) біліммен еңбек өтіліне талап қойылмайды; орта біліммен 3 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс, оның ішінде 2 жыл поездар қабылдаушысы лауазымында.

Қосымша талаптар:

  • «ҚТЖ» ҰК» АҚ және оған еншілес ұйымдар мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кәсіпорындағы өндірістік – шаруашылық қызметті реттейтін нормативтік – құқықтық және жергілікті актілерін білуі тиіс.

 

  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Шұбаркөл станциясы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж