«ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы- «Магистральдық желінің Алматы бөлімшесі» Алматы материалдық - техникалық жабдықтау базасының жетекші инженері

360720 - 373404
Алматинская база материально-технического снабжения Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
123

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Автокөлікті ағымдағы жөндеу және техникалық тексеру қызметтеріне, өрт сөндіргіштерді қайта зарядтауға, ағаш конструкцияларды өңдеуге, кондиционерлерді жөндеуге, өрт-күзет дабылы мен инженерлік жүйелерге техникалық қызмет көрсетуге және т. б. шарттар жасасу үшін есептеулер дайындау;
  • SAP жүйесінде сатып алу жоспары, тауарды сатып алу туралы шарттар бойынша ақпараттың уақтылы енгізілуін қамтамасыз ету;
  • тозған жабдықты ауыстыруға, негізгі құралдарды жете жарақтандыруға бағытталған инвестициялық жобалар бойынша тізбе қалыптастырады;
  • негізгі құралдарды күрделі жөндеудің титулдық тізімін жасайды;
  • техникалық құралдарды, машиналарды, механизмдерді және басқа да техниканы жөндеу жөніндегі іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етуді бақылайды;
  • негізгі құралдарға жыл сайынғы түгендеу жүргізуге қатысады, SAP-AHP бағдарламасында ДА-2 нысанындағы түгендеу карточкалары бойынша техникалық сипаттамаларды толтыру бойынша жауапты болады;
  • техникалық құжаттаманы, ақаулы актілерді, объектілерді паспорттауды ресімдей отырып, негізгі құралдардың (ғимараттардың, құрылыстардың, коммуникациялардың) болуы мен қозғалысын есепке алу жөніндегі жұмыстарды жүргізеді;
  • "ҚТЖ "ҰК" АҚ жеке меншік және уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану (жалға алу) құқығымен, "ҚТЖ "ҰК" АҚ жылжымайтын мүлікке, жер учаскелеріне құқықтарын мемлекеттік тіркеумен берілетін жер учаскелеріне сәйкестендіру құжаттарын ресімдеу
  • ЖЖМ есептен шығаруды және автокөлікке жол парақтарын ресімдеуді бақылайды; автокөлікті есепке алу және пайдалану бойынша жұмыстарға бақылау жүргізеді;
  • Электр есептегіштерді есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін уақтылы ұсыну және оларды тіркеу, талап ету орны бойынша осы көрсеткіштерді беру;
  • АУР (табельдер) бойынша жұмыс уақытын есепке алу бойынша бастапқы құжаттардың дұрыс және уақтылы ресімделуін қамтамасыз етеді. өз құзыреті шегінде қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің, уәкілетті мемлекеттік органдар филиалының хаттарына жауаптар дайындау.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі);
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар; вагондар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); құрылыс (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы);
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы