Аягөз ст.Өрт сөндіру бөлімінің, қарауыл бастығы. «ҚТЖ» ҰК» АҚ - " Семей магистральдық желі бөлімшесі" филиалы

от 269436
Семейское отделение магистральной сети Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
214

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Күзеттегі объектіде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қарауылдық кезекшілік кезінде өртке қарсы пойыз бастығы әзірлеген іс-шараларды орындау және кезекшілік кезінде объектіде қалыптасқан жағдайды білу;
  • Өрт сөндіру пойызын, өрт сөндіру құралдарын, жабдықтарды, коммуникацияларды және өрт дабылдарын, өрт гидранттарын, гидроқұю станциялары мен су қоймаларын, ғимараттарға (құрылыстарға) және су көздеріне кіретін жолдарды қалыпты жағдайда ұстау, ақаулар анықталған жағдайда оларды жою бойынша шұғыл шаралар қабылдау; және дереу өрт сөндіру пойызы бастығына хабарлау;
  • Қарауыл бастығының жанында өрттерге, аварияларға, дүлей зілзала орындарына бару, өрт сөндіру пойызы немесе аға өрт сөндіру бөлімінің бастығы келгенге дейін өрт сөндіруге немесе қарауыл жеке құрамының авариялар мен дүлей зілзалаларды жою жұмыстарына жетекшілік ету.
  • Қарауылдың жеке құрамымен өрт жаттығулары бойынша сабақтар өткізу және жауынгерлік өрістете отырып, өрт тактикалық мәселелерін шешу;
  • Жанар-жағармайдың (ЖЖМ) шығынын және өрт сөндіру техникасының жұмысын есепке алу.

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: орта (техникалық және кәсіби), өрт қауіпсіздігі бойынша арнай мамандандырылған оқу орталығында дайындықтан өту
  • Саладағы мамандығы: Өрт қауіпсіздігія, Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару; Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты  басқару; Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Қөлік, қөлік техникаларымен технологиялары; Электрмен жабдықтау.
  •  Еңбек өтілі: 2 жылдан кем емес.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр