Құқықтық қамтамасыздандыру секторының басшысы
«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Құқықтық қамтамасыз ету секторының қызметін басқару және үйлестіру, сондай-ақ Орталықтың құрылымдық бөлімшелерімен қарым-қатынаста өкілдік ету;
- Құқықтық қамтамасыз ету секторының құзыреті шегінде Орталықтың ішкі құжаттарын, шарттарды, келісімдерді, меморандумдарды және т.б. оның ішінде үлгілік құжаттарын әзірлеу және (немесе) құқықтық сараптаманы жүзеге асыру және олар бойынша АХҚО-ның қолданыстағы Заңына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және Орталықтың ішкі құжаттарына сәйкестігі бойынша қорытындылар дайындау;
- Орталықтың Жалғыз құрылтайшысының, Кеңесінің және Басқармасының қарауына ұсынылған құжаттарға құқықтық сараптама жүргізу;
- Құқықтық қорытындыларды, хаттарды, жадынамаларды, сұраныстарды және басқа да құжаттарды дайындау және келісу;
- Кәсіпорынның келісім-шарттарын жасасуға және бақылауға байланысты бизнес-процестерге қатысу және құқықтық қамтамасыз ету, өз құзыреті шегінде шарт тараптарымен келіссөздер жүргізу;
- АХҚО органдарымен, «Самрук-Қазына» АҚ құрылымдық бөлімшелерімен, мемлекеттік органдармен және ұйымдармен олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимыл жасау (осындай органдардың сұраныстары бойынша жұмысты құқықтық қамтамасыз ету);
- Серіктестіктің норма шығару жұмысына қатысу;
- АХҚО сотында және (немесе) Қазақстан Республикасының соттарында компанияның мүдделерін қорғау;
- Заңмен белгіленген ҒЗТКЖ нәтижелерін коммерцияландыру тәртібінің сақталуын бақылау;
- Заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жүйелеу мен кодификациялауды ұйымдастыру.
Талаптар:
- Жоғары заңгерлік білім. Магистр дәрежесіне артықшылық беріледі;
- Мамандығы бойынша (құқықтану саласында) жұмыс өтілі 5 (бес) жылдан кем емес;
- Басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша (құқықтану саласында) жұмыс өтілі 2 (екі) жылдан кем емес.
- АХҚО-да жұмыс тәжірибесі 1 (бір) жылдан кем емес және (немесе) АХҚО қолданыстағы заңнамасын білу.
- Тілдерді еркін меңгеру: қазақ, орыс және ағылшын (Upper intermediate деңгейінен төмен емес).
Шарттары:
Бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- Әлеуметтік пакет;
- Қызықты жобаларға қатысу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Кәсіби)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)