"Стратегия, Қаржы және экономикалық жоспарлау" департаментінің бас менеджері
“Qazaq Green Power PLC” қоғамдық компаниясы Астана қ.ЕТҰ инвестициялық жобаларын қаржыландыру үдерісі шеңберінде жұмысты үйлестіреді Компанияның қаржылық жағдайына қарыздардың әсерін анықтау мақсатында ЕТҰ-ның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізеді. ЕТҰ-ның қолданыстағы қарыздарын қайта құрылымдау жөніндегі іс-шараларды үйлестіреді және жүзеге асырады. Қарыздар, кепілдіктер және облигациялар шарттары бойынша міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асырады. Компания капиталының оңтайлы құрылымын жинау, талдау, анықтау және қалыптастыру процесін үйлестіреді. ЕТҰ-ның ағымдағы қарыздарын уақтылы және сапалы қайта құрылымдауды, оның ішінде ЕТҰ-ның қолданыстағы валюталық/теңгелік қарыздарын қайта қаржыландыруды үйлестіреді. Қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады; ЕТҰ-ның дебиторлық және кредиторлық берешегі бойынша деректерді жинауды, талдауды және мониторингті жүзеге асырады Алдағы айға төлемдер бойынша өтінімдер жинау арқылы компанияның төлем күнтізбесін қалыптастыру Айналым қаражатын толықтыруға компания үшін кредиттік желі шеңберінде ақша ашу және алу мақсатында қажетті іс-шараларды өткізу 1 банкке қаражатты шоғырландыру бойынша компания лимитінің сақталу мониторингі Есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету мәселелері бойынша Екінші деңгейдегі банктермен өзара іс-қимыл жасайды Департамент құзыреті шеңберінде есептерді қалыптастыру мен ұсынудың дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларды (жобалық бондтарды) қаржыландыру мақсатында ЕТҰ облигацияларын шығару және орналастыру жөніндегі рәсімдерді үйлестіреді және жүзеге асырады. Инвестициялық жобаларды (жобалық бондтарды) қаржыландыру мақсатында ЕТҰ облигацияларын сатып алу/өтеу жөніндегі рәсімдерді үйлестіреді және жүзеге асырады. Департамент құзыреті шеңберінде басшының және басқарушы директордың Департаментке жетекшілік ететін өзге де тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді. Департамент бөлігінде жылдық аудитке қатысуды қамтамасыз етеді
Талаптар:
Жоғары кәсіптік білім (қаржылық, экономикалық, бухгалтерлік) Қаржы, Бухгалтерия, экономика саласында сертификаттардың болғаны жөн
Кәсіптік саладағы практикалық жұмыс өтілі қызмет бейініне сәйкес кемінде 5 жыл
Халықаралық банктерде, жергілікті ірі банктерде / компанияларда, аудиторлық компанияларда жұмыс тәжірибесіне артықшылық беріледі. Компанияның қаржылық жағдайына қарыздардың әсерін анықтау мақсатында компанияның және оның ЕТҰ-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу тәжірибесі. Компанияның бағалы қағаздарын шығару және орналастыру және/немесе ұзақ мерзімді қарыз қаражатын тарту арқылы қаржыландырудың құрылымын әзірлеу және ұйымдастыру тәжірибесі. Кредиторлармен, қор биржаларымен өзара іс-қимыл тәжірибесі Заңнаманы, регламенттейтін құжаттар мен әдістемелерді, корпоративтік қаржыландыруды және АХҚО актілерін білу Ағылшын тілін білу (жақсырақ). Банктермен, несие ұйымдарымен, қаржы институттарымен және қор биржаларымен жұмыс істеу және келіссөздер жүргізу дағдылары. Қаржыландыру бөлігінде тиісті шешімдер қабылдау үшін қаржылық есептілікті талдау және үлкен көлемдегі деректерді тиімді өңдеу дағдылары. Бар және әлеуетті серіктестермен жүйелі қарым-қатынас құру дағдылары. Әдістемелік білімді практикада қолдану дағдылары, осы дағдыларды бөлім қызметкерлеріне беру қабілеті. Қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылау дағдылары. Қаржылық есептілікті дайындау дағдылары. Іскерлік хат алмасу дағдылары.