"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС Мұнай инжинирингі департаменті өндіру технологиясын цифрландыру қызметінің жетекші инженері

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
33

Қаралған саны:
617

   Конкурс туралы

            Талаптар

Лауазымды сипаттамаға қойылатын біліктілік талаптары

Қажетті біліктілік

Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік)

Мұнай мен газдың техникасы мен технологиясы және/немесе мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану саласындағы жоғары техникалық білім

Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі

Кемінде 5 жыл

Ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе функционалдық салаларға сәйкес салаларда профиль бойынша жұмыс тәжірибесі

Кемінде 2 жыл

Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі

Қажет емес

Мамандығына байланысты еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:

  • Мұнай және газ кен орындарын пайдалану ережелері, ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу техникасы мен технологиясы
  • Мұнай және газ өндіруге арналған жабдықтар мен технологиялар саласындағы өндірістік процестердің теориялық негіздері;
  • Ағымдағы жерасты ұңғымаларын жөндеу техникасы мен технологиясы;
  • Газлифттік және механикаландырылған ұңғымаларды пайдаланудың техникасы мен технологиялары;
  • Механикаландырылған ұңғыма қорының технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау әдістері мен тәсілдері;
  • Ұңғымаларды және ұңғыма ішіндегіі жабдығы элементтерін пайдаланудың технологиялық параметрлерін анықтауға арналған есептеулер;
  • Мұнай және газ, өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және экология саласындағы заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілер;
  • Мұнай және газ кен орындарын игерудің бірыңғай ережелері және Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодексі;
  • Корпоративтік стандарттарға сәйкес ғылыми-техникалық, жобалық құжаттаманы жасау және ресімдеу;

Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  • Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау, сонымен қатар есеп пен құжаттама жүргізу;
  • Компьютерлік технологияларды, коммуникациялар мен байланыс құралдарын пайдалану;
  • Талдау, қорытындылар мен ұсыныстар жасау;
  • Жобаларды оңтайландыру, жоспарлау, ұйымдастыру және қолдау

Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:

  • Бөлім директорының/қызмет басшысының тікелей бұйрықтарын орындау
  • Өндіру технологиясы бойынша қызметтің цифрлық жобалары аясында әзірленетін алгоритмдерді құру;
  • Өндіру технологиясы бойынша цифрлық жобалардың аясында әзірленген алгоритмдерді техникалық және технологиялық қамтамасыз ету (қолдау);
  • Алгоритмдерді жасауда қолданылатын цифрлық деректерді жүйелеу, талдау, өңдеу және визуализациялау;
  • Өндіру технологиясы бойынша техникалық-экономикалық кеңестің қарауына ұсынылатын материалдар мен есептерді әзірлеу;
  • Өндіру технологиясы тұрғысынан цифрлық жобаларға қатысты стандарттарды, ережелерді, әдістемелерді және басқа да техникалық құжаттамаларды әзірлеу;
  • Жаңа технологияларды, цифрландыру саласындағы ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін және өндіру технологиясы мен ұңғымаішілік жұмыстар бағыттары бойынша іздеу, талдау және қолдану;
  • Бекітілген біліктілікті арттыру жоспарлары аясында өндіру технологиясы және ұңғымаішілік жұмыстары саласында кәсіби деңгей мен жеке біліктілікті арттыру;
  • Уақытша болмаған қызметтің қызметкер(лер)ді ауыстыру;
  • Өндіру технология қызметіне жүктелген міндеттерді орындау және функцияларды орындау;
  • Өндіру технологиялары қызметінің және ұңғыма ішіндегі жұмыстардың жетекшілік ететін цифрлық жобалары бойынша Серіктестік бөлімшелері мен Серіктестік филиалдарының орындайтын жұмыстары туралы сұрау салу бойынша өзара іс-әрекет жасау, үйлестіру және ақпарат алу;
  • Серіктестіктің тікелей басшысы мен басшылығының бұйрықтары мен нұсқауларына сәйкес басқа да функцияларды жүзеге асыру.

Арнайы шарттар

·         Ұңғымаларды күрделі және жоспарлы жөндеу технологиясын білу, жер асты жабдықтарының макетін/жобасын таңдау үшін арнайы БЖ жұмыс істеу дағдылары құпталады;

  • Agile әдіснамасы мен бизнес-процесс инженериясын білу артықшылық береді.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр
  • Ғылым кандидаты
  • Ғылым докторы