Корпоративтік қызмет менеджері
«Samruk-Kazyna Trust» Корпоративтік қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
1 (бір) жылдан кем емес аталмыш профильді салаларда қызмет ету: Коммерциялық емес ұйым, журналистика, SMM, брендті басқару және PR.
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу
- Қазақстан Республикасының «БАҚ» Заңын білу;
- Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңын білу;
- Қайырымдылық көмек көрсету тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
Теориялық және практикалық білімі және қажетті тәжірибе
- Риторика негіздері мен көпшілік алдында сөйлеу техникасын білу;
- Іскерлік қарым-қатынас және қоғаммен байланыс дағдылары;
- Саясаттану, әлеуметтану, психология, маркетинг және менеджмент негіздерін, тұрақты даму қағидаттарын, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын білу;
- PR және жарнамалық стратегияны жүргізу саласындағы негізгі бағыттар мен үрдістерді білу;
- Ақпаратпен жұмыс істей білу, баспасөз анонстарын және баспасөз релиздерін, мақалаларды жаза білу, БАҚ-та және көпшілік іс-шараларда Қор басшылығының сөз сөйлеуі үшін тезистер мен сұхбаттар, әлеуметтік желілердегі посттар және Оқиғалар, іс-шаралар туралы басқа да ақпараттық материалдар дайындау;
- Қордың веб-сайтын, ресми беттерін және Қордың әлеуметтік желілеріндегі парақшаларын ақпараттық толықтыру, контентті үнемі жаңарту дағдылары, Қордың интернет ресурстарын әзірлеу және дамыту дағдылары;
- Қор басшылығының қатысуымен өтетін көпшілік және бұқаралық іс-шараларды, баспасөз конференцияларын, брифингтер, дөңгелек үстелдер мен кездесулерді ұйымдастыру дағдылары.