"ҚТЖ-Жүк тасымалы"ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалының Астана станциясының өндірістік-техникалық бөлімі бөлімінің бастығы

от 414405
Станция Нур-Султан Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
43

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • өндірістік-техникалық бөлімінің жұмысын басшылыққа алады
  • станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған станцияның өндірістік-техникалық базасын, жаңа техниканы, озық технологияны және еңбекті ғылыми ұйымдастыруды дамыту және жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және енгізеді
  • станция жұмысын және технологиялық процесті жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасайды
  • станция жұмысының технологиялық процесін , ТРА және оған қосымшаларды, жергілікті нұсқаулықтарды әзірлеуге қатысады
  • бөлімінің жұмысы туралы ай сайынғы, тоқсандық, жылдық есептерді уақтылы ұсынады
  • станция қызметкерлерінің білім деңгейін арттыру және біліктілігін арттыру бойфнша іс-шараларды ұыймдастыру
  • ТРА станциясындағы тежегіш аяқ киімнің нөмірленуіне және ПУ-80А нысаны қатаң есепке алу мүкәммал кітабына сәйкестігін бақылайды
  • рационализаотрлық қызмет бойынша іс-шараларға қатысады, кәсіптерді біріктіру және кеңейтілген қызмет көрсету аймағы
  • бөлімге қатысты жоғары тұрған ұйымдардың бұйрықтары мен өкімдерінің уақтылы орындалуын бақылауды жүзеге асырады
  • станция жұмысын жақсарту, проблемалық мәселелерді шешу мәселелері бойынша құрылымдық кәсіпорындармен өзара іс-қимылды жүзеге асчрады

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі
  • Мамандығы: көлік, көлік техникасы және технологиялары, қозғалысты тасымалдауды ұйымдастыру және көлікті пайдалану
  • Жұмыс тәжірибесі: жетекші инженер лауазымында кемінде 3 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр