"ҚТЖ "ҰК" АҚ "Қостанай магистральдық желі бөлімшесі" филиалы Тобол жол дистанциясының өндірістік - техникалық бөлімінің инженері (электроншысы)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Қажетті техникалық құжаттарды ресімдеу, бағдарламамен жұмыс жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу жөніндегі мәселелерді жүргізу;
- ақпаратты өңдеу технологиясын құру, үлгідегі және стандарттық бағдарламалық құралдарды, бағдарламаның дұрыстығын автоматты түрде тексеру жүйесін әзірлеу және енгізу;
- компьютерлік техниканы жөндеу, пайдалану бойынша дистанциядағы жұмысты ұйымдастыру;
- АСУ ДКР және SAP ақпараттық жиынтықты техникалық және технологиялық қолдау;
- жаңылыс, бас тарту, ақаудың себептерін талдау және оларды жоюға шаралар қолдану.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары(или послевузовское)
- Саладағы мамандығы: Информациялық жүйелер; Автоматизация және басқару; Автоматика, телемеханика және байланыс; Бағдарламалық қамтамасыз ету және санау техникасы; Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар; Механика; Математикалық және компьютерлік модельдеу; Автоматтандырылған жүйелер мен компьютерлік техникаларын бағдарламалық қамтамасыз ету; Қолданбалы математика; Байланыс желілері және коммутация жүйелері; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (Теміржол көлігі);
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша 1 жылдан кем емес.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)