Газ желілерін жөндеу қызметінің электр газбен дәнекерлеушісі

"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
415

   Конкурс туралы
Міндеттері:
  • Газ құбырларын және газбен жабдықтау жүйелерін жөндеу және қайта құру бойынша жұмыстарды орындау;
  • Газ шаруашылығы объектілеріндегі апаттарды жою жоспарына сәйкес жұмыстарды орындау.
  • Газ құбырларына, ГРП және ШРП-ға (газ реттеу пункті және шкафтық реттеу пункті) дәнекерлеу жұмыстары (қосылу), ақауларды жою және жөндеу, газ құбырларының зақымдалған учаскелерін қалпына келтіру, сыртқы газ құбырларын бөлшектеу және монтаждау, тіректерді орнату, ШРП құрастыру, ГРП мен ШРП-ға дейін және кейін ысырма орнату, газды шығару үшін шам орнату.
  • Газ құбырларында барлық жағдайларда газбен және электрмен дәнекерлеу жұмыстарын орындау, конденсат жинағыштарды, гидрозатворларды дайындау, дәнекерлеу және сынақтан өткізу, тиісті электродтар мен дәнекер сымдарын таңдау, төмен, орта және жоғары қысымды газ құбырларындағы газдың ағуын жою, газ құбырларына қосылу кезінде құбырларды белгілеу және дайындау.
  • Газ кескіштер мен жандырғыштарды ағымдағы жөндеу, күрделі сызбаларды оқу, қосылу кезінде құбырларды белгілеу және дайындау.
  • Жерасты және жерүсті газ құбырларына, сондай-ақ оларға байланысты құрылғыларға жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын орындау.
  • Терең дәнекерлеу әдісімен және әртүрлі жағдайда тығыз әрі берік дәнекерлеу тігістерін төсеу, әртүрлі қалыңдықтағы болаттан жасалған бұйымдарға жоғары жауапкершілікпен электрлік дәнекерлеу жұмыстарын орындау, жоғары қысымда жұмыс істеуге арналған әртүрлі пішіндегі бұйымдарды дәнекерлеу, үй-жайлар ішіндегі газ құбырлары тораптарын ауыстыру кезінде газ қауіпті жұмыстарды орындау.
  • Жоғары қысымды жұмыс істеп тұрған газ құбырларына қосылу жұмыстарын орындау.
  • Жұмысқа қажетті материалдарды, арнайы киімдерді, жеке қорғаныс құралдарын алу, құралдар мен жабдықтардың бар-жоғын және жарамдылығын тексеру.
  • Күнделікті тапсырма жоспарын орындау, өндірістік және еңбек тәртібін сақтау.
  • Өндірістік тапсырмалардың орындалуы туралы есепті жөндеу қызметінің шеберіне немесе басшысына ұсыну.

Талаптары: 
  • Орта кәсіби (техникалық) білім және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
  • Біліктілік разряды көрсетілген аттестат, куәлік немесе диплом болуы қажет;
  • Болат газ құбырының дәнекерленген жіктерінің механикалық сынақтарының хаттамасын ұсыну;
  • Өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау мәселелері бойынша оқудан өтіп, газ қауіпті жұмыстарға рұқсат беру туралы белгісімен білімін тексеруден өту қажет.
Шарттары: 
  • Еңбек шарты негізінде