Маман

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
61

Қаралған саны:
1466

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Кадрлық әкімшілік: Қызметкерлердің қабылдануы, ауысуы және жұмыстан босатылуын (еңбек келісімшартының тоқтатылуы/бұзылуы) 1С УПП жүйесінде уақтылы рәсімдеу. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес еңбек келісімшарттарын тіркеу үшін бірыңғай электронды есепке алу жүйесіне мәліметтер енгізу. Компанияның жеке құрамымен байланысты белгіленген құжаттаманы жүргізу, есепке алу және бақылау (ауысым кестелері, демалыс кестелері, қосымша жұмысқа және демалыс күндеріндегі жұмысқа тарту, лауазымдарды қоса атқарғаны үшін және қызмет көрсету аймақтарын кеңейту үшін төлемдер, жыл сайынғы еңбек демалыстарын беру, әлеуметтік демалыстарды беру, жыл сайынғы еңбек демалысынан кері шақыру, жалақыдан ұсталатын сомалар, көтермелеу төлемдері мен материалдық көмек, ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес тәртіптік жазалар, лауазымдық нұсқаулықтарды бекіту және басқалары). Еңбек уақытының есеп кестесін жүргізу. Қызметкерлерді жұмыс берушінің актілерімен уақытылы таныстыру. Қызметкерлердің жеке істерін қалыптастыру және жүргізу. Компаниядағы ағымдағы және бұрынғы еңбек қызметі туралы анықтамаларды беру. Еңбек кітапшаларын толтыру, есепке алу, сақтау және беру. Біліктілік, аттестация, байқау комиссияларына қажетті материалдарды дайындау және қызметкерлерді марапаттауға ұсыну. Бөлімнің бекітілген есеп беру кестесіне сәйкес есепті уақытында дайындау және тапсыру. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілерді әскери есепке алу.

Білім:

Жоғары білім (заң,экономика, психология, халықаралық құқық немесе басқа гуманитарлық білім беру)

Дағдылар:

Ауысымдық жұмысты персоналды басқару, 1С білу, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздерін білу

Қосымша:

Презентацияларды құрастыру және өткізу дағдылары

Білетін тілдер:

Қазақ және орыс тілдерін білу