активтер басқармасының бас маманы (уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру кезеңіне)

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
1528

   Конкурс туралы
Негізгі еңбек міндеттері:
  1. Қоғамнің еншілес және бірлескен бақыланатын ұйымдарды (бұдан әрі – ЕББҰ) басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруды ұйымдастыруға қатысу, олардың орындалуына мониторинг жүргізу; ЕББҰ қайта құрылымдауға (қайта ұйымдастыруға немесе таратуға) бағытталған іс-шараларды әзірлеу және іске асыру, оның ішінде ЕББҰ қайта құрылымдау (қайта ұйымдастыру немесе тарату) жөніндегі іс-шаралар бағдарламаларын/жоспарларын әзірлеу және келісу;
  2. ЕББҰ қайта құрылымдау (қайта ұйымдастыру немесе тарату) мәселелерін белгіленген тәртіппен уәкілетті мемлекеттік органдармен келісу;
  3. мүдделі тараптарға Қоғамның қызметі туралы құзырет шеңберінде ақпаратты ашу бойынша жұмыстар жүргізу;
  4. активтер басқармасының құзыретіне кіретін ЕББҰ қызметінің мәселелерін қарау, келісу және қоғам органдарының қарауына белгіленген тәртіппен шығару және акционерлердің (қатысушылардың, серіктестердің) жалпы жиналыстарының, байқау кеңестерінің, ЕББҰ Директорлар жиналыстарының шешімдерінің орындалуына мониторинг жүргізу; қоғам активтерін қайта құрылымдау жөніндегі комиссияның жұмыс органының функцияларын үйлестіру.
Талаптар:
кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім, мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі кем дегенде 4 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр