«ҚТЖ-Жүк тасымалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалы "Семей ЖТ бөлімшесі" Семей вагон пайдалану депосының қоймашысы

179056 - 188571
ВЧД-23 СЕМЕЙСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 2 группы Шығыс Қазақстан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: Тәжірибесіз Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
7

Қаралған саны:
1284

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

Қоймадағы тауарлық-материалдық құндылықтарды сақтау, қабылдау және босату жұмыстарын атқарады, қойма ауданын тиімді пайдаланып, материалдар мен мүліктердің реттілігін сақтап тез табылуын қамтамасыз етеді.

Кіріс-шығыс құжаттарының дұрыс рәсімделуін, жиналған тауарлық-материалдық құндылықтардың сақталуын, сақталу тәртібін қамтамасыз етеді.

Қоймадағы тауарлардың есебін жүргізеді, өзінің лауазымдық міндеттерінің аясында белгілеген құжаттарды жүргізеді және есептерді дер кезінде жауапты тұлғаларға ұсынады.

Қойма ғимаратының, қоймадағы жабдықтар мен мүліктердің жағдайын, өртке қарсы құралдардың жарақтылығы мен түгел болуын бақылайды және олардың дер кезінде жөнделуін қамтамасыз етеді.

Еңбек қауіпсіздігі нұсқаулары мен ережелері деңгейін сақтай отырып, қоймадағы тиеу және түсіру жұмыстарының жүруін ұйымдастырады.

Берілген талапхатқа сай ТКБ және БҚ жұмысшыларына материалдар мен қосалқы бөлшектерді босатады.

Тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеуге қатысады

Біліктілік талаптары:

Білімі

Орта және арнаулы орта белгіленген бағдарлама бойынша

Еңбек өтелі

еңбек өтеліне талап қойылмайды

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж