Жобалау-құрылыс бөлімінің менеджері (ішкі конкурс)
«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- Жұмыстардың орындалған көлемі бойынша жобалық-сметалық құжаттама, нормативтік құжаттарға сәйкестігін тексеру;
- Құрылыс объектілері бойынша орындаушы құжаттаманың жүргізілуі мен болуының бақылауы;
- Құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуы туралы фактілік деректерді мониторингтеу және есептілікті құрастыру;
- Жұмыстардың орындалу кестесіне сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын мониторингтеу;
- Жобалық шешімдерді түзету мүмкіндігі кезінде жобалық-сметалық құжаттамадағы өзгерістердің енгізілуінің дұрыстығын бақылау;
- Құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарастыру және келісу, қажет болған жағдайда материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды ауыстыру мәселелерін жедел шешуге қатысу;
- Бекітілген хаттамалық шешімдер негізінде орындаушы сметалық құжаттаманы бекіту;
- Департаменттің сеніп тапсырылған бизнес-процестер шеңберінде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету;
- Департаменттің құзыретіне қатысты нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеуге қатысу;
- Департаменттің құзыретіне қатысты заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін қарастыруды қамтамасыз ету;
- Департаменттің қызметіне қатысты есептер, анықтамалар, хаттар және басқа да құжаттарды дайындау.
Талаптар:
- Жоғары кәсіби (құрылыс/техникалық) білім;
- Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі (ЖОО-да оқу уақытын есептемегенде) атқаратын лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес, кемінде 2 жыл.
- Мемлекеттік және орыс тілдерін білу.
-
Қосымша білімдер, дағдылар
- Лауазымның мамандануына сәйкес қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу, сондай-ақ лауазым бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер. Microsoft Office бағдарламалық қамтамасыз етуін және ішкі құжат айналымын жетік білу.
Жағдайлар:
- 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін, 09-00-ден 18-30-ға дейін, түскі ас 13-00-ден 14-30-ға дейін;
- Уақытында еңбек ақы төлеу, KPI-ді орындау бойынша сыйлықақы төлемдері;
- Ерікті медициналық сақтандыру;
- Қызметкерлерді тасымалдау.