Алтынтау станциясының бастығы (2-сынып) «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС - «БП Павлодар бөлімшесі» (Нод-3)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Станцияға жалпы басшылықты, орынбасарлардың, инженерлік-техникалық қызметкерлердің жұмысын үйлестіруді қамтамасыз етеді;
- Жедел iздестiрудi ұйымдастыру мен жүргiзудi, ақаулар, жол қозғалысы қауiпсiздiгi мен еңбектi қорғау ережелерiн бұзу және қауiпсiз тасымалдау жағдайлары бойынша материалдардың ресiмделуiн қамтамасыз етедi;
- ҚР СТ ИСО 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйесі. Талаптар» ҚР СТ ИСО 45001-2019, «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды басқару жүйесі», ҚР СТ ИСО 50001-2019 «Энергия менеджменті жүйелері», ҚР СТ ИСО 14001-2016 «Қоршаған ортаны басқару жүйесі»;
- Темір жол көлігі объектілерінде және Компаниялар топтарында тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шаралардың Кешенді жоспарының орындалуын бақылау;
- Тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін коммерциялық актілерді және тоқсан сайынғы талдауларды дайындау бойынша ай сайынғы есептердің уақытылы жасалуын және ұсынылуын бақылау;
- Белгіленген нысандар бойынша есептердің уақтылы жасалуын қадағалайды;
- Барлық станция қызметкерлерінің, жүк жөнелтушілер мен жүк қабылдаушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес бекітілген темір жол көлігі саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы бойынша: Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану (темір жол көлігі);
- Жұмыс өтілі: кемінде 7 жыл, оның ішінде кемінде 2 жыл станция бастығының орынбасары (операциялар)/бас инженер және кемінде 2 жыл пойыз диспетчері/бөлімше бойынша кезекші.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы