ИТ-инфрақұрылымды басқару қызметтерін көрсету үшін ИТ-маман

«Energy Solutions Center» ЖШС – «Жалпы қызмет көрсету орталығы» филиалы Екібастұз қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
311

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1С ERP платформасын жаңғырту жобасын іске асыруға қатысу;
Жобалық құжаттаманың толықтығын, сапасын және дұрыстығын тексеру;
Жұмыстардың техникалық спецификация мен техникалық тапсырмаға сәйкестігін тексеру;
Міндеттердің орындалуын мониторингтеу, мерзімдердің сақталуын бақылау және уақытша кешігулерді талдау;
Жобаны іске асыру аясында басшылық пен мүдделі тараптар үшін есептер, анықтамалар және басқа қажетті ақпаратты дайындау.


Талаптар:

1) ҚР нормативтік құқықтық құжаттарын білу:
«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» ҚР Заңы;
«Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңы;
«Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңы;
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңы;
«Ақпараттандыру туралы» ҚР Заңы.
2) Білім: жоғары/арнайы орта білім ИТ саласында;
3) Жұмыс тәжірибесі: ИТ саласында кемінде 2 жыл;
4) Тілдерді білу:
қазақ, орыс – еркін;
ағылшын – техникалық.
5) Кәсіби дағдылар:
компьютерлік техника, офис техникасы және қажетті бағдарламалық өнімдерді меңгеру дағдылары.
1С ERP жобаларын басқаруда практикалық жұмыс тәжірибесі;
Жобаларды басқару құралдарын білу (Microsoft Project, Jira, YouTrack)


Шарттар: