Лауазымдық жауапкершілік:
• Ғылыми мәселелерді теориялық пысықтауды жүзеге асырады, ғылыми және техникалық идеяларды тексереді
• Техникалық тапсырмадағы ҒЗТКЖ мазмұнына, көлеміне және орындалу мерзіміне қойылатын талаптарды айқындайды
• Зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу бюджеттерін құрайды
• Қосалқы мердігерлік ұйымдар мен жеке тұлғалар үшін техникалық тапсырмалар мен келісімшарттар әзірлейді
• Техникалық тапсырманы Тапсырыс берушімен келіседі
• Сатып алудың барлық түрлерін өткізуге қатысу үшін тапсыру кезінде қажетті құжаттарды дайындауды жүзеге асырады
• Жұмыстарды орындау, зертханалық зерттеулер, тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар және қызметтер көрсету жоспарларын/бағдарламаларын әзірлейді
• Бекітілген жобаларды орындау мәселелері бойынша кеңестер өткізуге бастамашылық жасайды
• Зерттеу және әзірлеу нәтижелерін енгізеді, жоба тобы қызметінің бағыты бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының, технологиялық регламенттердің, нұсқаулықтардың және т. б. орындалуы туралы есептерді құрастырады және ресімдейді
• Зерттеулер мен жұмыстардың нәтижелерін тексереді және қорытындылайды, аяқталған зерттеулер мен жұмыстарға талдау жүргізеді
• Жобалар бойынша аралық және қорытынды есептерді жасауды, сондай-ақ алынған нәтижелерді пайдалану бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етеді
• Зерттеу нәтижелерін жариялайды, конференцияларға қатысады, зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдер жасайды
• Ғылыми жұмыстарға, семинарларға, конференцияларға, ғылыми-техникалық қоғамдарға сараптама жүргізеді, техникалық құжаттамаға шолулар, пікірлер мен қорытындылар дайындайды
• Эксперименттердің нәтижелерін теориялық зерттеулермен салыстырады, сәйкессіздіктерді талдайды, қосымша эксперименттер жүргізу туралы шешім қабылдайды (қажет болған жағдайда)
• Орындалған жұмыстар / көрсетілген қызметтер туралы есептер жасайды
• Зерттеу нәтижелерін мақала, баяндама, презентация түрінде ресімдейді
• Орындалған жобалардың нәтижелерін "ИВТ"ЖШС ғылыми кеңесінде баяндайды
• Жүргізілген жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің нәтижелерін қабылдауға, орындалған жұмыстардың/көрсетілген қызметтердің актілеріне қол қоюға жауап береді
• Орындалған жұмыстардың нәтижелерін енгізгеннен кейін жаңа өнімнің күтілетін көрсеткіштерін қолданыстағы аналогтардың көрсеткіштерімен салыстырады
• Орындалған жобалардың нәтижелерін енгізу тәжірибесін жинақтайдыБілім:
Химия / Физика / химиялық технология / Металлургия / байыту / Экология / Геотехнология / Геология / Гидрогеология Технологиялық машиналар мен жабдықтар / КИП және автоматтандыру салаларында жоғары техникалық біліміДағдылар:
Міндетті:
• өндірістік кәсіпорындарда/ғылыми ұйымдарда кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
• ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу тәжірибесі;
• уранның химиясы және химиялық технологиясы саласындағы білім;
• уран өндірісін аппаратуралық ресімдеу саласындағы негізгі технологиялық және техникалық шешімдерді білу;
• ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді жоспарлаудың, ұйымдастырудың, жүргізудің және енгізудің заманауи әдістерін, құралдары мен практикасын білу;
• сапа менеджменті жүйесінің негізгі принциптерін және оның кәсіби қызметіне қатысты сапа менеджменті жүйесі құжаттарының талаптарын білу;
• тиісті білім саласында Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу;
• ғылыми зертхананың жабдықтарын, оны пайдалану ережелерін білу;
• зияткерлік меншік объектілеріне өтінімдер жасау тәртібін білу, ғылыми-техникалық құжаттаманы ресімдеу;
• еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерін, өрт қауіпсіздігі талаптарын білу.
Қалаулы:
• ғылыми еңбектер мен өнертабысқа авторлық куәліктердің болуы;
• өндіріске әзірлемелерді енгізу тәжірибесі;
• ұңғымалардың РВР технологиялық параметрлері мен жабдықтарын есептеу әдістерін әзірлеу принциптерін білу
• ұңғымалардың РВР технологиялық процестерін әзірлеу қабілетіҚосымша:
Қалаулы:
функционалдық салада МВА, ғылыми дәрежесінің/атағының немесе өзге де қосымша білімінің/сертификатының болуыБілетін тілдер:
Міндетті:
• мемлекеттік және орыс тілдерін білу (іскерлік хат алмасу, жазбаша және ауызша тіл).
Қалаулы:
• ағылшын тілін білу.