Жетекші құрылыс инженері

"ШалкияЦинк" LTD АҚ Шалқия а.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
501

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Жобалық жұмыстарды орындау үшін бастапқы деректерді жинайды;
  • Жобалық жұмыстарға қойылатын талаптарды жобаның қажеттіліктері мен ҚР нормативтік құжаттарына сәйкес қалыптастырады;
  • Жобаның концепцияларын әзірлейді;
  • Архитектуралық, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында мемлекеттік атқарушы органдармен архитектуралық-жоспарлау тапсырмаларын алу, коммуналдық қызметтердің монополистерінен техникалық шарттарды сұрау, құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау туралы хабарламаларды беру, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриалды даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде жобаларды келісу мәселелері бойынша өзара әрекеттеседі;
  • Жобалық шешімдердің техникалық деңгейін, жобалау-іздестіру жұмыстарына жұмсалған қаражатты, ПСД әзірлеу мерзімдерін бақылауды жүзеге асырады;
  • Дайындалған ПСД-ның мемлекеттік стандарттарға, нормаларға, ережелерге және нұсқаулықтарға сәйкестігін бақылайды;
  • Жобалық құжаттаманы профильді қызметтер мен басқа инстанцияларда келісу барысында сүйемелдейді және қатысады;
  • Объектіні жобалау кезінде құрылыс бөлімі бойынша жобалық жұмыстарға техникалық жетекшілік етеді;
  • Жоба бойынша барлық шешімдерді қабылдайды және бекітеді.
  • Тендерлерді өткізуге қатысады, оларға техникалық тапсырмаларды құрастырады;
  • Құрылыс бойынша әлеуетті жеткізушілердің техникалық құжаттамасын талдайды және конкурс құжаттамасына сәйкестігі туралы қорытындылар береді;
  • Әлеуетті мердігерлермен таныстыру кездесулерін өткізуге қатысады, жоба бойынша туындаған сұрақтарға жауап береді.
  • Мердігер ұйымдардың жұмыс өндірісінің жобаларын келіседі;
  • Жобаны іске асырудың жинақталған кестелерін әзірлейді;
  • СMP өндірісі кезінде барлық қажетті орындаушы құжаттамасының болуын және дұрыс жүргізілуін бақылайды;
  • Жұмыс кестесіне сәйкес СМР жүргізу мерзімдерін бақылайды;
  • Орындау сапасын және олардың құнын бақылайды;
  • Орындаған жұмыстардың көлемін және олардың ПСД-ға сәйкестігін тексереді;
  • Жабдықтарды қабылдау және іске қосу-реттеу жұмыстарында қатысады;
  • Инженерлік жүйелер мен технологиялық жабдықтарды жеке және кешенді сынақтардан өткізуде қатысады;
  • Орындаған жұмыстардың сапасын тексереді;
  • Объектіні пайдалануға беру үшін қажетті құжаттаманың толықтығы мен уақтылы дайындалуын бақылайды;
  • Объектіні пайдалануға қабылдау бойынша жұмыс комиссияларына қатысады;
  • Ескертулер береді және мердігер ұйымдардың оларды түзету сапасы мен уақтылығын бақылайды;
  • Салынған құрылыс объектісін пайдалануға беру, ҚР Әділет министрлігінде енгізу актілерін тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі;
  • Жобалау және құрылыс жұмыстарын жүргізу кезеңдерінде есептер құрастырады;
  • Жұмыс өндірісінің әртүрлі схемалары мен графиктерін құрастырады;
  • Қызмет саласында тәуекелдерді анықтау уақтылығын және толықтығын бақылайды;
  • Тәуекелдердің туындау мүмкіндіктерін, нақты немесе әлеуетті теріс тенденцияларды, тәуекелдің күшеюін көрсететін факторларды анықтайды, тәуекелдің болжамды шығындарын бағалайды;
  • Тәуекелдерді алдын алу және оларға жауап беру жолдарын іздейді;
  • Тәуекелдерді жою және ықтимал жағымсыз салдарын азайту жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мониторинг жүргізеді, жоғары тұрған басшыға хабарлайды;
  • Лауазымдық міндеттерді орындау барысында қол жеткізілген ақпаратты пайдалануына жол бермейді, соның ішінде делдалдар арқылы;
  • Коррупциялық әрекеттер туралы басшылыққа хабарлайды;
  • Жобалық топта парақорлық пен коррупцияның алдын алуды қамтамасыз етеді.

Талаптар:

  • Сәйкес профильдегі ұйымдарда кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі;

    Жалпы еңбек өтілі: кемінде 5 жыл


    Басшылық лауазымдарда: талап етілмейді
  • Құрылыс / пайдалы қазбаларды байыту / тау-кен ісі саласында жоғары кәсіби білім
  • Ұйымшылдық; стресске төзімділік; сауатты сөйлеу; егжей-тегжейлерге назар аудару; командалық жұмыс

Шарттар:

  • Еңбек кодексіне сәйкес жұмысқа орналастыру;

    Кандидаттарды конкурс арқылы іріктеу;

    Жұмыс кестесі 5/2