ЖБҚ даярлау телімінің шебері

«Үлбі-ЖБҚ» ЖШС Өскемен қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
884

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

ЖБҚ даярлау телімінің шебері ЖБҚ даярлау телімі бойынша бағынысты қызметкерлерінің жұмысын басқарады. Жоспарлайды:  бағынысты қызметкерлердің жұмыстарды орындауын;  шығын материалдарын, компоненттер және реагенттер (өз құзыреті саласында);  құзыретті персоналға қажеттілікті;  қажеттілік туындаған кезде бағынысты қызметкерлердің біліктілігін арттыруды. Ұйымдастырады:  бағынысты қызметкерлердің технологиялық режимдерді (параметрлерді) және компоненттерді, материалдарды, реагенттерді, отын-энергетикалық ресурстарды (бұдан әрі – «ОЭР») және өндіріс қалдықтарымен ысыраптарды тұтынудың бекітілген нормаларын сақтай отырып, нормативтік құжаттарда көзделген сапа деңгейімен қаңқалар мен ЖБҚ өндіру көлемі бойынша жоспарлы тапсырмаларды орындауды;  бағынысты қызметкерлердің тікелей басшының және жоғары тұрған басшылықтың барлық нұсқауларын, өкімдері мен тапсырмаларын орындауды (өз құзыреті саласында);  жабдықтарды дайындау және жөндеуге тапсыру бойынша жұмыстарды;  бағынысты қызметкерлердің жұмыстарын қауіпсіз жүргізуіді;  жабдықтың жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша көмекші қызметтердің жұмысын үйлестіруді;  бағынысты персоналдың өндірістік қауіпсіздік талаптарын, құпиялылық режимінің, өткізу және объектішілік режим талаптарын, мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны, ақпараттық қауіпсіздікті, еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау талаптарын орындауын.  скелетондар мен ЖБҚ даярлау және жөндеудің барлық кезеңдеріндегі технологиялық процестерді басқару, сапа бойынша қалыптан тыс жағдайлар мен оқиғалар туындаған жағдайда жедел шешім қабылдайды, технологиялық тапсырмаларға жаңартулар енгізеді. Қамтамасыз етеді:  бағынысты қызметкерлер арасында жауапкершілік пен өкілеттіктерді бөлуді;  бағынысты қызметкерлердің жұмысын үйлестіруді;  дайын өнімді, бастапқы компоненттерді, материалдарды, реагенттерді, жартылай фабрикаттарды, қалдықтарды және өндірістік телімнің айналымдарын есепке алуды, телімде сақтауды, орнын ауыстыруды;  сәйкес келмейтін өнімді оқшаулауды;  басшылықтың ережелерімен, нұсқаулықтарымен және нұсқауларымен белгіленген есепті құжаттаманы уақтылы ұсынуды;  шығу табелінде бағынысты қызметкерлердің жұмысқа шығуларының күнделікті есебін жүргізуді;  бүкіл ауысым ішінде өндірістің тиісті мәдениетін, жұмыс орындарындағы тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етуді;  өндірістік қызмет үдерісінде бағынысты қызметкерлердің тиісті еңбек тәртібін жүргізуді;  тауар ауысымға бекітілген өндірістік үй-жайлар мен өндірістік аумақта өрт қауіпсіздігін, тазалығы мен тәртібін сақтауды;  жабдықта, оның ішінде жөндеу жұмыстарында, егер оны пайдалану немесе жөндеу жұмыстары авариялық жағдайға немесе жазатайым оқиғаға әкелуі мүмкін болса, жұмыстарды тоқтата тұруды;  қауіпсіздік және еңбекті қорғау (бұдан әрі – ҚжЕҚ), өрт қауіпсіздігі (бұдан әрі – ӨртҚ)бойынша нұсқаулықтардың барлық түрлерін белгіленген мерзімде өткізуге;  ведомстволық бағынысты қызметкерлердің бекітілген өндіріс жоспарлары мен кестелерімен, материалдарды, құралдарды, ТЭР, жұмыс уақытын пайдалану жөніндегі жоспарлы көрсеткіштерімен, зиянды өндірістік факторлардың деңгейлерімен хабардар болуыды;  бағынышты қызметкерлерді оның қызметінің өзектілігі мен маңыздылығы және сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге қосқан үлесі туралы хабардар етуді. Әзірлейді:  рабочие инструкции, инструкции по БиОТ, а также иную документацию в пределах своей компетенции и полномочий по заданию непосредственного руководителя;  организационно-распорядительную документацию в пределах полномочий должности мастера участка по изготовлению ТВС. Қадағалайды:  бағынысты қызметкерлердің нормативтік құжаттарда көзделген сапа деңгейімен жұмыс өндірісінің технологиялық регламенттерін сақтай отырып, белгіленген мерзімде өндірістік тапсырмаларды орындауы;  бағынысты қызметкерлердің жабдықтар мен аспаптарды белгіленген талаптарға сәйкес, деректерді тіркеумен және сақтаумен (құжаттамада осындай талаптар болған кезде) пайдалануын қамтамасыз етуді;  қолданылатын жабдықтың жарамдылығын;  бағынысты қызметкерлердің тиісті өлшеу құралдарын қолдануды;  бағынысты қызметкерлер қолданатын компоненттердің, реагенттер мен материалдардың технологиялық немесе басқа нормативтік құжаттама талаптарына сәйкестігін;  бағынысты қызметкерлердің компоненттерді, материалдарды, қосалқы бөлшектерді, жабдықтарды және басқа ресурстарды ұтымды пайдалануын;  бағынысты қызметкерлердің мемлекеттік, қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау талаптарын, өткізу режимінің талаптарын орындалуын;  бағынысты қызметкерлердің жоғары тұрған басшылардың бұйрықтарын, өкімдерін, қызметтік тапсырмаларын орындалуын;  өндірістік қызмет процесінде бағынысты қызметкерлердің ҚжЕҚ, қоршаған ортаны қорғау (бұдан әрі – ҚОҚ) және ӨртҚ жөніндегі қағидалардың, нормалар мен нұсқаулықтардың талаптарын, жұмыс нұсқаулықтарын, жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарды орындалуын;  бағынысты қызметкерлер қолданатын құралдардың, құрылғылардың, жабдықтардың, жеке қорғану құралдарының және сақтандыру құрылғыларының жай-күйін;  жұмыс жүргізу телімдерінде қажетті қауіпсіздік белгілерінің, ескерту плакаттарының және т. б. сақталуын;  бағынысты қызметкерлердің тиісті өндіріс мәдениетін сақтауы, бағынысты қызметкерлердің жұмыс орындарында және учаскеге бекітілген өндірістік үй-жайларда тазалық пен тәртіпті сақталуын;  өндірістік қызмет үдерісінде бағынысты қызметкерлердің еңбек тәртібін;  бағынысты қызметкерлердің сыртқы келбеті мен әл-ауқатын, олардың арнайы киім, арнайы аяқ киім және басқа да жеке қорғаныс құралдарын дұрыс киюін, қорғаныс және қауіпсіздік құралдарын дұрыс пайдалануын. Қатысады:  «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да бар саясаттар мен мақсаттарды іске асыруға;  кәсіпорын қызметін тұрақты жетілдіру (жақсарту) процесіне дайындау бойынша телімнің бағынысты қызметкерлерін тартуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;  еңбек жағдайларын жақсартуға, жабдықтардың жұмысын жақсартуға, материалдарды, реагенттерді, ТЭР үнемдеуге бағытталған тиімді пайдалану жұмыстарға;  басқа қызметтер немесе бөгде ұйымдар қызметкерлерінің жұмыстарына регламенттелген рұқсат беруге;  өнімнің сапасы, өнімді сертификаттау, тиісті құжаттарды дайындау, оның ішінде сапа бойынша оқиғаларға байланысты талаптарды орындау мақсатында CGNPC-URC компаниясының қадағалау өкілдерімен бірлескен жұмыстарды жүргізу тәртібіне;  Framatome компаниясының сарапшыларымен шығарылатын өнімнің сапасын қамтамасыз ету және шығару бойынша өндірістік үдерістерді жүргізу бөлігінде бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруға;  тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды орындауға (өз құзыреті саласында);  кадрларды іріктеу, оларды орналастыру және ұтымды пайдалануға;  еңбек міндеттерін тиімді орындау үшін еңбек өнімділігін, өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға;  жұмыс берушінің тиісті актісі негізінде «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-да белгіленген тәртіппен персоналды оқытуды жүзеге асыруға;  жабдықтың жұмысы туралы ақпаратты дайындауға қатысады және жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі, жабдықты жөндеу және қызмет көрсету, жабдықты қосалқы бөлшектермен және шығыс материалдарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жабдықты жеткізушілермен өзара іс-қимылға қатысады;  жабдықпен жұмыс істеу кезінде қолданылатын технологиялық жабдықтың жарамдылығын және технологиялық операциялардың дұрыс орындалуын бақылауға;  ЖБҚ даярлау телімінің жұмыс орындарында қолданылатын компоненттердің сапасын бақылауды ұйымдастыруға;  «Сапа бойынша оқиғалардың» туындау себептерін тергеп-тексеруді жүргізудегі іс-шараларға қатысады, түзету және алдын алу іс-шараларын әзірлейді және орындайды;

Білім:

Кадрлар даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (арнаулы орта, кәсіптік орта) білім немесе тиісті мамандық бойынша білімінің болмауы;

Дағдылар:

ДК және ұйымдастыру техникасының басқа да құралдарын пайдаланушы деңгейінде иелену, скерлік жазу және іскерлік қарым-қатынас дағдылары.

Қосымша:

-5 күндік жұмыс аптасында 8.00-ден 16.12 дейін, демалыс күндері:сенбі, жексенбі Еңбек жағдайының сипаттамасы: иондаушы сәулеленудің әсерімен байланысты зиянды еңбек жағдайы;

Білетін тілдер:

-