Ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі құрылыс департаментінің Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл облыстары және Жетісу облысы бойынша өңірлік бөлімшенің Алматы қаласы бойынша жетекші маманы

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
55

Қаралған саны:
651

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • өңірде жобаның іске асырылу барысы туралы ЖАО мен бас мердігерден ақпарат алу, жинау және Орталық аппаратқа жіберу;
  • 2) өңірдегі құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу барысы туралы басшылыққа ақпарат жинау, талдау және дайындау (орталық аппарат);
  • 3) ұлттық пилоттық жобаны іске асыру кезінде іске қосылған өзге де ұйымдар мен мемлекеттік құрылымдарға басшылық үшін есептер мен презентациялық материалдар дайындау;
  • 4) заң бөлімінің құрылыс-монтаждау жұмыстарына шарттар мен қосымша келісімдер жасауын бақылау.
  • 5) бастапқы-рұқсат беру құжаттамасын жинауға сүйемелдеу, оның ішінде сәулет-жоспарлау тапсырмаларын, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға қосылуға техникалық шарттарды алу, Жергілікті-атқарушы органның ұйымдарымен және құрылымдық бөлімшелерімен келісу;
  • 6) мердігерлерге жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі – ЖСҚ), жер учаскесін және құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталуына талонды (бұдан әрі – ҚМЖ) беру бойынша сүйемелдеу;
  • 7) ҚМЖ барысын бақылау;
  • 8) мердігер ұйымдарға ақы төлеу үшін бас кеңседе техникалық және авторлық қадағалау сарапшыларының, өңірдегі Инженерлік-Техникалық персоналдың растаған көлемдерін, орындалған жұмыстар актілерін сүйемелдеу;
  • 9) ҚМЖ және технологиялық (бұдан әрі – ТХ) жабдықтар мен жиһаз мерзімдері бойынша бақылау;
  • 10) атқарушылық құжаттаманың жиналуын бақылау;
  • 11) кіріс хат-хабарларды қарау және олармен жұмыс істеу;
  • 12) Департамент басшылығының тапсырмаларын орындау;
  • 13) құрылымдық бөлімшеге сеніп тапсырылған бизнес-процестер шеңберінде құрылымдық бөлімшенің функцияларына сәйкес тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қолдау.

Талаптар:

  • жоғары кәсіби (лауазым бейініне сәйкес)
    лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жоғары білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есепке алмағанда) кемінде 3 (үш) жыл;
  • жауапкершілік, орындаушылық, тәртіптілік, өз бетінше және командада жұмыс істеу қабілеті

Шарттар:

  • 5/2 дүйсенбіден жұмаға дейін
  • 09-00 - ден 18-30-ға дейін, түскі ас 13-00-ден 14-30-ға дейін;
  • Уақытылы еңбекақы төлеу, KPI орындау бойынша сыйлықақы төлемдері;
  • Ерікті медициналық сақтандыру;
  • Қызметкерлерді тасымалдау;
  • Қызметкерлерді жұмыс берушінің есебінен оқыту.