«Ембімұнайгаз» АҚ «Жылыоймұнайгаз» МГӨБ құрылыс бөлімінің маркшейдері
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттемелер:
- Топогеодезиялық және маркшейдерлік жұмыстарды жүргізу жоспарының орындалуын қамтамасыз ету және ведомстволық бақылау;
- Пайдалану және барлау ұңғымаларын нақты шығару және жоспарлы-биіктік байланыстыру, объектілердің топографиялық түсірілімдерін жаңарту;
- Бұрғыланған ұңғымаларды жоспарлы-биіктік байланыстыру. Бұрғыланған ұңғымалардың координаттары бойынша тексеру және жоспарлы-биіктік байланысы туралы акт жасау;
- Топогеодезиялық жұмыстар бойынша жаңадан келіп түскен деректерді талдау және осы деректерді компьютерлік дерекқорға енгізуді қамтамасыз ету; ведомстволық бағынысты аумақтарда жүргізілетін топогеодезиялық және маркшейдерлік жұмыстардың тәжірибесін жинақтау, топогеодезиялық жұмыстар өндірісінің жаңа техникасы мен технологиясын енгізуді ұйымдастыру;
- Есептерді орындау, карталарды әзірлеу және оларды ұйымның сұрауы бойынша уақтылы беру;
- Жерді пайдалану құқығын алуға жұмыс көлемін уақтылы дайындау;
- Құрылыс-монтаж жұмыстары үшін кең таралған пайдалы қазбаларға (топырақ) қажеттілікті қамтамасыз ету, топырақты есепке алу, Қоғамның теңгеріміндегі топырақты барлау мен өндіруге жаңа лицензияларды ресімдеу;
- Бөлінген және қайтарылған жерлердің есебін жүргізу, жер бөлуді алу үшін материалдар дайындау, сондай-ақ оларды алуды бақылау;
- Мұнай кәсіпшілігі объектілерін салу, реконструкциялау және консервациялау жобаларын қарауға және әзірлеуге қатысу; тау-кен және жер бөлу; мұнай мен газ жатқан алаңдарда құрылыс салу; жерді қайта қалпына келтіру;
- Жер учаскелерін қалыптастыру бойынша жерге орналастыру жобаларын әзірлеу;
- Карьерлерді пайдалану қорларының мониторингі;
- Өз күштерімен де, бөгде ұйымдармен де орындалатын топографиялық-геодезиялық жұмыстардың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу.
- Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік-санитарлық және өрт қауіпсіздігі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау;
- Қоғамда сатып алуларды, тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі - ТЖҚ) жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу қағидаларына және Сатып алу қағидаларына сәйкес департаментке жүктелген міндеттер мен функциялардың уақтылы орындалуын бақылау;
- ТЖҚ сатып алу процесінде жүргізілетін процедураларға қатысу;
- Жетекшілік ететін құрылымдық бөлімше шеңберінде сатып алу процесінде көзделген құжаттарды сапалы жасақтау және уақтылы беру:
- Барлық қажетті құжаттарды қоса алғанда, ТЖҚ сатып алуға арналған өтінім;
- Әлеуетті жеткізушілердің өтінімдерін талдау қорытындылары бойынша қорытынды;
- Жоспарланған жылға арналған, оның ішінде жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бөлінісіндегі шарттардың орындалуы бойынша есептілік;
- Жер қойнауын пайдаланушының кең таралған пайдалы қазбалар қорларының орнын ауыстыру туралы есептерін дайындау;
- Сатып алу процесінде көзделген барлық кіріс және шығыс құжаттарға уақтылы қол қою, сондай-ақ сатып алу туралы шарттарға қол қою;
- Жеткізушілердің растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, ТЖҚ-ға жергілікті қамту бойынша есептілікті міндетті түрде ұсынуын қамтамасыз ету.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : тиісті мамандық бойынша жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан кем емес (жерге орналастыру және геодезия саласында)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : болғаны дұрыс
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
- Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдары;
- Жер қатынастары мәселелері бойынша заңнамалық және нормативтік актілер, әдістемелік материалдар;
- Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Қазақстан Республикасының Жер кодексі.
- «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексі.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
- офистік оргтехникамен жұмыс жасай білуі;
- пайдаланушы деңгейіндегі MS Office (Word, Excel, Outlook) дербес компьютерінде жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
- Autocad, ArcGis, TOPOCART, LeicaGeoOffice бағдарламаларымен жұмыс істеу дағдысының деңгейі.
- Тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде дәлдігі жоғары тахеометрлермен, GPS Spectra аппараттарымен жұмыс істеу дағдыларының деңгейі;
- Жер қойнауын пайдалану және жерді пайдалану саласындағы Құзыретті және Уәкілетті органдармен ынтымақтастық және коммуникация дағдыларының деңгейі.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Жылыоймунайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі - 5/2
Әлеуметтік пакет