«Ембімұнайгаз» АҚ кеніштік геология және кен орындарын игеру департаменті МГКО игеру бөлімінің бастығы
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттемелер:
- Кен орындарын игеруді сараптау, бақылау және жобалауға қатысу, қалдық қорлары бар аймақтарды тиімді игеру бойынша ұсынымдар әзірлеу, игерудің оңтайлы жүйесін таңдау, ГТШ жобалау, мұнай берудің қайталама және үшінші реттік ұлғаюы;
- Игерілетін алаңдарда кен орындарының геологиялық құрылысын және мұнай мен газ қорларын нақтылауға қатысу және бақылау;
- Қоғамның өндірістік бағдарламасы шеңберінде мұнай, газ өндіру жоспарының жобасын және бұрғылау жұмыстары көлемін негіздеу және игерудің технологиялық көрсеткіштерінің болжамды есептеулерін қалыптастыруға және келісуге қатысу;
- Ағымдағы және перспективалық жоспарларды әзірлеуге қатысу және бақылау: кен орындарын өндіру, бұрғылау (КҰ, ҰОБКТ, ҰОБТ,, тереңдету), су басуды басқару (оның ішінде полимерлі су басу, ыстық су, бу айдау), кен орындарын жете барлау, ұңғымаларды жөндеу, ГТШ (ҚСЖ, ББП, ПЖЖ, МӨА) және зерттеу жұмыстарын жүргізу. Осы іс-шаралардың орындалуын жоспарлау, бақылау және талдау;
- Зерттеу, кеншілік-геофизикалық жұмыстардың орындалу көлеміне, ұңғымалардың жұмысының технологиялық режиміне жедел бақылауды жүзеге асыру. Зерттеу нәтижелерін өңдеу және талдау жүргізу;
- Кеншілік деректерді есепке алудың дұрыстығына және геологиялық-кәсіпшілік ақпараттың дерекқорын жүргізуге жедел бақылауды жүзеге асыру;
- Белгіленген нысандар мен мерзімдер бойынша бөлім қызметінің бағыты бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есептіліктің жасалуын бақылау;
- Өз құзыреті шегінде жергілікті атқарушы, өкілді, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарда, ҚР мекемелерінде және мекеменің меншік нысанына және орнына қарамастан өзге де ұйымдарда кен орындарын игеру мәселелері бойынша Қоғамның өзара іс-қимылын үйлестіруді қамтамасыз ету;
- ҚМГ ҰК АҚ және бұйрықтардың орындалуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, қолданыстағы ережелердің, ЕҚжЕҚ мәселелері бойынша нұсқаулықтардың сақталуын бақылау, ҚМГ ҰК АҚ және ҚМГ ҰК АҚ компаниялар тобын ұйымдастыру нұсқауларының, оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының нұсқамаларының орындалуы.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : тиісті мамандық бойынша жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан кем емес (Мұнай кеншілігі геологиясы және мұнай кен орындарын игеру саласында, оның ішінде өндірістік тәжірибе)
Басқару тәжірибесі: болғаны дұрыс
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : мүмкіндігінше
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
- Геология және мұнай-газ кен орындарын игеру бойынша терең білім;
- Кен орындарын геологиялық-гидродинамикалық модельдеу саласындағы терең білім;
- "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР Заңын білу;
- "Қазақстан Республикасында жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі бірыңғай қағидаларды"білу;
- Еңбек заңнамасының негіздерін, еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын білу.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Тәжірибелі Excel пайдаланушысы;
- Кеніштік, геофизикалық, геологиялық-гидродинамикалық ақпаратты талдай білу, ұңғымалардың жұмысын диагностикалау, ұңғымалардың әлеуетін анықтау;
- Жобаларды әзірлемелерді және МШК ТЭН сараптау мүмкіндігі;
- Геологиялық-техникалық іс-шаралардың (ГТШ) тиімділігін іріктеу және талдау қабілеті.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Ембімұнайгаз» АҚ
Жұмыс кестесі - 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар
Жетекші геолог (геофизик) 2 позиция
«Қазгеология» АҚ | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
15.12.2025 | 585
Бас жобалық менеджер (гидродинамикалық модельдеу инженері) - аутстаффинг 7
ЖШС «QazaqGaz Ғылыми-техникалық орталығы» | Еңбекпен толық қамтылу
| Астана қ.
12.12.2025 | 2563
"Ақдала" кенішінің бас механигі қызметінің жабдыққа қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі слесары
«ОТХК» БК» ЖШС | Еңбекпен толық қамтылу
| Шымкент қ.
12.12.2025 | 133